11 Март 2008 г.

НАУРЫЗ – ТҮРКІЛІК ЖЫЛ БАСЫ

Пайым

Жаңажылдық алуандық
Біздің дәуірімізде көптеген ұғымдар мен құндылықтар шатасып қана қоймайды, араласқан күйінде жүзеге аса береді. Мәселен, бұған кәзірдегі жаңа жылды мерекелеуді алуға болады.
Кәзіргі әлемде дүниенің әр түкпірінде жаңа жыл түрліше аталып өтеді және алуан мағанаға ие:
- шығыста о бастан жаңа жыл астрологиямен байланыста және айлық күнтізбеге сәйкес мерекеленеді;
- батыстағы жаңа жыл Исус Христың туылған күніне орайластырылған;
- бұрынғы кеңестік елдерде жаңа жыл күнтізбелік жыл басы ретінде аталып өтеді...
Әрине, аталған үрдістердің араласын былықтан гөрі мәдени араласым деген дұрыс болар, тарихи үдеріс барысында әрбір ел өзіне сай дәстүрді әлгі араласымға негіздеп қалыптастыратыны белгілі. Алайда, соның бәрі белгілі бір тарихи тамырға негізделіп жатады. Дегенмен де, бірінші қаңтар дүние жүзінде жаңа қаржылық-экономикалық жыл мен күнтізбелік жыл басы болып саналады. Ежелгі Ұрымда жыл басы наурыз айында аталып өтсе де, Рим империясы Григориан күнтізбесін жасап, уақытты өлшеу басын қаңтардан бастауды енгізді. Ал, Бірінші Петр патшаның жыл басын қаңтарға ауыстырғанға дейінгі жарлығына шейін, Ресейде де жыл наурызда өзгеріп келді. Өз кезінде кеңестер одағы бірінші қаңтарға арнайы мағана беріп, жыл басы етіп канондады. Бұл мән бірте-бірте түрлі атрибуттармен толығып, бірінші қаңтар жер шарының алтыдан бір бөлігі үшін нағыз жаңа жыл басы болып кірікті. Соңғы ондаған жыл ішінде кеңестік кеңісте бірінші қаңтарға байқаусыз түрде астрологиялық мән де тықпаланды, яғный, шығыста туындаған он екі жылдық астрологиялық мүшелдің бірінші қаңтарға қатысы болмаса да, сол күннен бастап енгізіле бастады.
Жыл басын мерекелеуді Наурыз айында өткізу дәстүрін адамзаттың алтың мың жылдық тарихын ұйыстырған ежелгі Месопотами жерінің тұрғындары қолға алғандығы тарихшылар арасында дәйекті пікірге айналуда. Ал қос өзен мәдениетінің пайда болып орнығуына ебразиялық көшегендердің арғы бабалары болып табылатын метал өндірісін игерген ежелгі тұрандықтардың тікелей қатысы барлығы да байсалды ғылыми тақырыпқа ойысты. Бұған қазырғы қазақтардың ата-бабаларының тікелей қатысы болып отыр.
Жылдық алмасым Тибетте қаңтардың ортасында, Жапанда, Қытайда, Кәрейде т.б. елдерде ақпанда, орталық Азияда наурызда алмасады. Ресейді қойғанда, өзінің жаңажылдық тарихы мен ежелгі дәстүрі қалыптасқан Қазақстанда кәзіргі кезде күнтізбелік жылдың астрологиялық мүшелмен яғни тарихи жаңа жылмен сәйкестелуі қайран қалдырады.

«Ну ырыс» – жыл басы.
Қазақстанда (Орталық Азия деуге болады) ежелден-ақ, астрологиялық мүшел наурыз айынан басталатын. Бір қызығы, кеңестік адамдардың мерекелеп жүрген жаңа жылының барлық атрибуттарының түбі Наурыз екенінде ешкімде күмән туатындай түрткі қалмаған: әшекейлі шырша, сыйлық дорбалы аяз ата т.т. Ал Батыстағы Санта Клаус бейнесі ойдан шығарылған, ебропалық сергітуші кейіпкер екені сірәдән белгілі. Дегенмен, оның арғы мәнінде бұрмаланған шығыстық періште кейпінің жатқаны тағы айқын.
О баста жыл мен мүшелдің қабат алмасуы қарастырылған ежелгі түркілік мағанасында, мереке «ну ырыс» аталса керек. Бірақ «ну» (кейінірек кәзіргі қазақы «нау» нұсқасына айналған) о баста соны, тың, жас, жасыл деген ұғымдардың жыйынтығын білдірсе керек. Өйткені, ежелгі адамдарда «жаңа» ұғымы болды деу қыйсынға келмейді. Ал, түркілерде кез келген үдерістің басы сонылық, жастық ретінде мойындалып, жаңа құбылыс есебінде қабылданған.
Жалпы, «ну» сөзі, кәзіргі «жаңа» ұғымын білдіретін әр тілдегі нав, новь, нью, нов, ноу, новь т.б. сөздердің арғы атасы болғандығы тілгерлердің тақырыбына айналғалы біршама уақыт болды. Мұны этнолингвистика саласында дәлелдеуші ғалымдар жеткілікті. Кәзіргі кезде «ну» сөзі «ну орман» тіркесінде «қалың» мағанасын беріп жүр, алайда, бұл о баста «жасыл орман» дегеннің бұрмалануы болса керек, себебі, «нулы жер - сулы жер» деген мәтелде «ну» сөзі «жасыл», «көк» ұғымдарын беріп тұр.
Енді «ырыс» (ырыз) сөзіне келсек, ол «Жаратқаннан бұйыратын несібе, береке» дегенді білдіреді. Жалпы, ежелгі түркілерде істің, үдерістің басы пір тұтарлықтай нысанға айналған. Оның астарында кез келген құбылыстың барысы оның басталуына байланысты деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан да, әдеттегі ырыстан гөрі «ну ырыстың» орны бөлек болса керек. Сол себепті, он екі айлық жылдық мүшел басының «жас ырыс» ұғымын білдіруі заңды еді. «Ырыс» сөзі ежелгі бірбуынды екі сөздің: ыр (іске асырушы) және ыс (іс – жазмыш, Көктің бұйырымы) бірігуінен құралған.
Қазығы кезде қазақ тілінде Ырыс ұғым түрінде қалғанымен, бұл о баста бүтін бір табыну мен сенімнің нәтижесі үрінде қалыптасқан ежелгі түркілік дүниетаным көрінісі. Ырыс ұғымы түркілерде Көк пен адамның арасындағы қатынастың нәтижесі болып табылады: «Адам баласы Жаратушы алдында қаншалықты жағымды болса, соншалықты несібеге ие» деген ырымдық түсінік толық қалыптасып қоймай, атрибуттармен толықтырылған. Ырыстың ұлттық деңгейдегі атрибуты – тайқазан, ал ежелгі кездерде әрбір адамға тән ырыстың нышаны ретінде көшегендер белдеріне бес қаруларымен бірге рюмка тәрізді саптыаяқ іліп жүрген. Бұл дәстүр қазырғы кезде құпиясы ашыла қоймаған балбал тастарда қашалған әлгі ыдыс күйінде тарихқа тсжазба ретінде басылып қалған. Мұны кәзіргіше ырысаяқ десе болғандай.
Сөйтіп, әдеттегі мойындалған «наурыз сөзі парсының «нов» - жаңа, «руз»- күн сөздерінен шыққан» дейтін уәжіне басқаша қарауға тура келеді. Өйткені, «наурыз» сөзінің «жаңа күн» ұғымын білдіретіндей байсалды дәйек керек, ал бұған жай ғана уәж жеткіліксіз. Оның үстіне, «жаңа» ұғымы туғанға дейін адамзат «соны» (свежий) ұғыммен біршама уақыт кешкеніне күмән жоқ. Себебі, «соны» ұғымы адамзаттың табиғатқа байланысты түсініктен, ал «жаңа» түсінігі жасампаздықтан туындайтынын ескерген жөн. Олай болса, адамзаттың мыңдаған жылдар бойы табиғатпен етене тірлік ете отырып, «жаңадан» гөрі «соны» ұғымын ерте қолданғанын ескерсек, кемінде алты мың жылдық тарихы бар рәсімге байланысты «жаңа күн» тіркесінен гөрі о баста «ну(соны) ырыс» тіркесі алғаш ауызға іліккен болар деуге негіз бар. Басқаша айтқанда, «жаңа» ұғымынан гөрі «соны» ұғымы барынша ежелгі. Себебі, отырық сана барынша нақты болса, көшегендік сана барынша абстрактылы келеді, ал «жаңа» ұғымы - «соны» сөзінің нақтыланған нұсқасы. Ендеше, «руз» сөзінің өзі ырыздық таратылатын «жаңа күн» ұғымы ретінде «ырыс» (ырыз) сөзінен туындауында шүбә аз.

Наурыздың туындауы
Наурызға байланысты тағы бір «Оның жер өңдеуші жұрттардың санасында қалыптасқандығы» жөніндегі уәж шындыққа сәйкесе ме? Шын мәнінде, «Наурыз» ұғымын он екі мүшелдік астрологиялық уақыт өлшемінен тыс алып қарау қыйсынсыз. Өйткені, Наурыз мерекесінің өзі - жерөңдеушілік сананың емес, космогониялық, абстрактылық сананың жемісі. Ал, ондай санаға көшегендер ғана ие. Ежелгі Тұран мен Иранның қоңсылас, тіпті туыс халықтардың мемлекеттері екендігін ескерсек, Наурыз мерекесі осы екі халық арқылы бірдей аталатын адамзаттың бір мерекесінің екі нұсқасын дамытқандай әсер бар: парсылар отырық жұртқа тән, ал тұрандықтар көшегендік нұсқаны таратқандай. Оны Наурыздың үш категориясының бірі, адамға тән жаратқандық ырыс болып табылатын, мәні бір Дәмді екі халықтың екі түрлі әзірлеуінен де көруге болады. Қазақтар наурызкөже ретінде жеті дәмді біріктіру арқылы Ғарыштың аңыздық бастапқы күйін, ғаламның бір қауызға кірігуін мәндеген. Мұның астарында (алуан) Түрдің Мәнге айналуын (бірегейленуін) паш ету жатыр. Ал, ежелгі парсылардың наурыздық дәстүрін жалғастырған өзбектер, «сүмелек» (сумаляк) аталатын асты отырық жұрттарға тән дақыл өскінін көгерту арқылы әзірлейді. Алайда, бұл да «ну» (жас, соны) талабын жүзеге асыру болып табылғанымен рәсімге тән принципті толық аңғартпайды, тек қана «нулық» пен «жаңалықты» ғана паш етеді. Ал, ирандықтар «ш» әрпінен басталатын атауы бар жеті тағамды даярлау арқылы, әлгі наурызкөжелік жеті дәм талабын өздерінше жүзеге асырады. Демек, бұл жағынан Иран мен Тұран жұрты бір мәнді екі түрлі жолмен ғана іске асырып отыр. Бұған қарап, кейбіреулер тұжырымдап жүргендей, Қорасанда пайда болған 3000 жыл бұрынғы диқандықпен Наурыздың туындау тарихын шектеу мүмкін емес.
Адамзаттық алтын тарихи діңгек ретінде танылып отырған батыс Азиялық Убейд, Шумер мәдениеттерінің көрінісі «Наурыздың мерекеленуін отырық дихан тұрғындар туындатты» деген уәжге итермелейтіндей негіз емес. Өйткені, аталған мәдениеттердің өзі кәзіргі қазақ даласынан барған көшпелі жұрттың тікелей араласуымен басталғанын дәйектейтін ғылыми уәжге тиек болуын санадан аластай алмаймыз. «Мәдени көшкіннің» осыдан кемінде жеті мың жыл бұрын басталып, үздіксіз жүріп отыруына көз жеткізе бастаған тарихи ғылымдық пайымға («Аркаим – очаг мировой цивилизации, созданный прототюрками», А.К.Нарымбаева, 2007ж) қарсы тұру қиянат. Өйткені, бұл уәж ғылыми дәйектен гөрі ресми қалыптасқан еброцентристік көзқарасқа негізделген «түрі индоебропалық, мазмұны адамзаттық» мәдени бастаудың қаншалықты рас екендігіне күмән туғыза бастады. Ендеше, іргетасын күмәнді осы тұжырымға бекіткен ежелгі гректік, парсылық мәдениеттердің дербес туындауы үлкен дүдәмәл күйінде қалып отырғанда, Наурыздың туындауын күмәнді негізге бекіту қаншалықты кінәсіз, қаншалықты күнәсіз болар еді?

Наурыз – түркілік күнтізбенің басты рәсімі
Наурыздың туындауы мен оның мәнін зерттеу үшін, оны құрайтын көріністер мен атрибуттарды қалпына келтіріп, зерделеген жөн. Осы жағынан қарағанда, Наурызды он екі мүшелдік түркілік күнтізбеден тыс қарау мүмкін емес. Өйткені, 90 күндік қыс шығатын 13 наурыз (бұрынғыша - 1 наурыз) күні ескі жылды шығарып, батыс аймақтағы қазақтар бірін біріне «Жыл құтты болсын!» айтады, арапша (хамал) ай атымен жаңғырған наурызды «Амал туды» деп көрісіп жатады. Демек, Наурыз жаңа жыл мен ескі жылдың межесі, жыл басы болып табылады.
Жалпы Наурыз мерекесінің сол аттас космогониялық үдерісті паш ету дәстүрі екенін ескерсек, онда оның негіздемесі мен өзіне тән тұжырымының да болғаны. Ол негіздеме ежелгі түркілік дүниетаным мен дүниесезімге тікелей қатысты. Мұны ежелгі түркілік дүниетанымның негізін құрайтын тәңірлік тұжырымдамадан тыс қарау да мүмкін емес.
Тәңірлік дүниетаным кәзіргі кезде дау тудырып жүрген, шешімі табыла қоймаған тақырып. Әсіресе, оның діндік сыйпатына келгенде пікірталас жеткілікті. Десек те, бұл дүниетанымды кәзіргі діни канонға жатқызу мүмкін емес, ол адамзаттың басқа дәуіріне қатысты көшегендік дүниесезімнің туындысы және кәзіргі адамзатқа тән көптеген діндер мен дүниетанымдардың төркіні деуге болар еді. Сондықтан да тәңірлік дүниетаным бүгінде өз бетінше дамуға бет алған танымдық сыйпаттарға жем болып, солардың негізін қалаған дүниетанымның күйін кешті, өзге танымдардың ошағын маздатып отын болды. Тәңірлік ырымдар мен ұғымдар, рәсімдер мен атрибуттар өзге діндерге негіз болып қаланды. Былайша айтқанда, тәңірлік дүниетаным балалады.
Наурыз да сол танымның бір сәттік рәсімі ғана болатын. Шын мәнінде, аталмыш мереке аталық ұлы негіз КӨК (Тәңір – ғаламды жарықпен жарылқаушы) пен аналық ұлы негіз Жер (Ұмай – берекелеуші, басталған үдерісті молайтушы) екеуінің қабысу сәтін, тұтастану, бірегейлену мезетін паш ету болып табылады. Кәзіргіше айтқанда, ғарыштық ауқымдағы «махаббат» көрінісі. Бұл үдеріс ғарыштық ауқымнан бастап, оның әрбір құрамтасы болып табылатын жандар мен жәндіктерге дейін жандылар мен жансыздарды қамтыйды деген пайым жатыр. Бұл сәтте дүниені екіге бөліп тұрған аталық пен аналық негіздердің бір сәттік тұтастануынан жаңа ғаламша туындайды деген таным бар.
Бұл сәтті қазақ күні бүгінге дейін «Самарқанның Көк тасы еритін күн» (ғаламдық балалау сәті) деген бір сөйлеммен бейнелеп келеді. Ал, Наурыз күні әрбір адам өзгемен көкірек түйістіре әлгі сәтке өз үлесін қосады: өз ниетін өзгемен қосу арқылы бүкілғаламдық бірігісті қостайды. О дүниеге көшкен жандарға жеті шелпек пісіру арқылы екі (О мен Бұ) дүниенің біртұтастығын мойындайды.
Наурызды ежелгі түркілік он екімүшелдік күнтізбеге қатыссыз қарай алмаймыз. Бұл мерекелік рәсім аталған дүниетанымға негізделген Уақыт пен Кеңісті әмбебап он екі мүшелдік жүйеге жіктеудің бір көрінісі. Бұл жүйе бойынша адам мен айуанның денесінің он екі мүшеден тұруы ғаламдық құрылымның он екілік жүйесінен алынған. Бұл - кеңістіктің ағза түріндегі он екілік мүшеге жіктелуі болса, соған сәйкес уақыт та он екі ай мен он екі жылдық мүшелге жіктелетіндігі әйгіленген. Тіпті, он екі мүшелдік айналымның өзі он екі мүшені айғақтайтын айуандардың бейнесі ретінде қолданысқа түскен, өсімдік пен минералтекті нәрселерге орын қалмаған.
Жалпы, скифтер мен сақтардың «айуандық стилі» көшегендердің зергерлік, мүсін өнеріндегі айуандарға деген ерекше құрмет қана емес, олардың дүниетанымдық мәдени көрінісі. Ал, мүшелдік күнтізбеге арқау болған айуандық бейнеленім болса, бұл - олардың дүниетанымдық көрінісінің өмірге тығыз енгізілу дәйегі, бейнелеу өнеріндегі олардың дүниетанымдық параллелінің жаңғырығы. Міне, Наурыздың мәйегі де осы айуандық бейнеленім түріндегі табиғи, ғарыштық құбылысты дәріптеу, паш ету.
Мүшелдің бір де біріне өсімдік бейнесі қатыстырылмайды. Өйткені, өсімдік әлемі төменгі сатыдағы әлемдік деңгей, ғарышты жаңартушы емес, жаңару көрінісі ғана. Ендеше, мұның барлығы тек қана аңшылық-көшегендік санадан туындайтын нәтиже еді. Егер де Наурыз бірыңғай дихандық тірліктен туындағанда, онымен байланысты мүшел ұғымы да дихандық көріністі паш еткен болар ма еді. Мүшелдік сыйпаттың көшегендердің өмірінде зор орын алғандығы сондай, олар, тіпті, мемлекеттік құрылымның өзін он екімен шектеуге болмаса соған жеткізуге тырысқан: он екі сақ, он екі ата байлы (байұлы емес) т.т...

Наурыз – космогониялық рәсім қоры
Наурыздың бүгінге соншалықты әлсіреп жетуі, рәсімдер мен атрибуттан жұрдай болуы, тек қана тарихи таластың нәтижесі емес, оның аса ежелгі тұрпатының да белгісі. Тарихи нысан неғұрлым ежелгі болған сайын ол жұрнақ күйінде ғана талықсып жететіні табиғи жайт, ол үшін біреуді жазғыру дұрыс болмас. Тіпті, оның туындауына да таластың болуы сол себептен. Сонымен, Наурыз неден жұрдай болды? Наурыз о бастағы бірегей тұжырымынан ажырап, оларды әркімге діни, рәсми атрибуттар ретінде таратып бергендей күй кешуде.
Наурыздың тіні үш санаттан (категория) тұратын және үш принципке негізделген болмысын жоғалтқан деп пайымдауға болады. Оның үш принципі: құбылыстың, жылдың және маусымның басы екендігі; үш санаты: дәм, үн және түс.
Наурыздық санаттар о баста Құбылысты құрайтын құрамталар ретінде мойындалған болуы керек. Құбылыс ретінде санаға бағынышсыз үдеріс (процесс) барысындағы белгілі бір нәтиженің туындауын қабылдауға болар. Ежелгі түркілер ондай құбылыстың белгілі бір қорегі (дәм), үдерістің дыбысы (үні) және нәтиженің өңі (түсі) болады деп мойындаған. Осыдан келіп, Наурыз Құбылыс басы ретінде қабылданады да, барлық істің бастауы есебінде қайырым мен жақсылықтың нышанындай бұлақ көзін ашу, дақыл (сүмелек), гүл мен ағаш егу, болашақ ұлы істі бастау, бойжеткен мен ержеткенді қосуға итермелейтін ойындар мен кештерді ұйымдастырып, «ұйқыашар» ырымдарын жасауға, «селтеткізер» (сюрприз) сыйлауға т.б. бастамаларға орын берілген.
Наурыз Құбылыстың басы болғандықтан, оның санаттарының жетік те кемел болуы ойластырылған және іске асырылған. Сол себептен Наурызда біртекті дәм емес, жетітекті наурызкөже пісірілген. Тіпті, мұндағы «көже» сөзінің өзі ең ежелгі тәңірлік танымның терминдерінің жұрнағы болып табылады: кө – Көк, же – ас, «Көктің ырқына сәйкес киелі ас» деген мағана сыйып тұр.
Наурыз рәсімінің шарықтау шегі болып табылатын күн мен түннің теңелу сәтін білдіретін таңғы сәулені қарсы алу кезінде ауылды азан-қазан қылатындай жастардың дауылпаз ұрып, қоңырау соғып, кернейлетіп, сырнайлату арқылы түрлі дыбыс пен үнге ерік беруі Ұлы күнді үдеріс ретінде мойындаудың бір көрінісі және құбылыстың Үнін жетік етуден туатын ырым. Бұл - қуаныштың, жақсылық пен қайырымның үні ретінде қарсы да кері үнді қашыру, жағымсыздыққа жол қалдырмау әрекеті. Бәлкім, бүгінде қолданысы тым тарылған қазақтың жетіген аспабының о бастағы шығуы осы сәттен бастау алуы ғажап емес. Оның үстіне «жетіген» сөзі «жетіг үн» тіркесінен де туындап тұр. Осылайша бір кезде кең қолданылған бірнеше (жеті) қоңырау тағылған сылдырмақ аспабы да шығуы кәдік.
Наурыздық түс санатына келсек, ол да жеті бойаумен анықталады. Аспандағы алғашқы көктемгі жеті түсті көпірқосақтан («көмпір» сөзі бұзыла келе «кемпірге» айналған) бастап, жер бетіндегі бірыңғай ақ түсті қардың кетуінің өзі жер бетін талай түске бойайтыны, мереке күнгі түрлі түсті киім-кешек пен үйдегі алуан түсті заттарды жайу көріністері жетік түсті принципті қанағаттандыру болып табылады. Ежелгі түркілердің түсінігінде әр түстің өзіне тән құбылыстық сыйпаты бар: солғын жасыл түс балаңдық пен бастау түсі; ақ түс кемелдіктің, қартайудың белгісі болып табылады. Сондықтан да келіннің шымылдығын, жас жұбайлар отауын әлем-жәлем етіп, алуан түспен жасандырса, қария бейітінің басына шыққан қасиетті ағашқа ақ орамал байлау оның кемелдігін мойындау болып есептеледі.
Кәзіргі «ёлка» (йолка) сөзі орысқа тиесілі болғанмен, ол Жер мен Көк арасын қосатын жол ұғымын беретін ежелгі түркілік «йол» (жол) сөзі. Жердің мифтік бейнесі «Ұмай» болса, Көктің бейнесі «Тәңір» аталғаны белгілі. «Жолдың» материалдық бейнесі қарағайтекті, шырша сықылды мәңгі жасыл ағаштар таңдалып, оны айналдыра 365 адамды ән шырқату - бізге жеткен наурыздық рәсімнің бірі. Бұл «айналайын» үрдісі арқылы болашақ жаңа жыл күндерін ғарыштық уыз қуатқа кенелту, жаңа жылды алдын ала жағымды жасампаз қуатпен «зарядтау» дәстүрі еді. О баста бұл жай ғана айналу емес, жылға мадақ айту секілді жамырай ән шырқау үдерісі болған. «Хор» сөзінің өзі түркілік біріктірінді деген мағананы білдіретін бүгінде қазақша қор, қорық секілді сөздердің арғы атасы. Бертін келе, ресейлік жаңа жыл мерекесінің атрибуты болды да, «хоровод» аталатын ғұрыпқа айналды, ал ежелгі дәстүрінен түркілер ажырап қалды. Алайда, оның жарапазан түріндегі нұсқасы әлі де бар.
Наурыздық рәсімдердің бүге–шүгесіне дейін ойластырылғаны қайран қаларлық. Әсіресе, тазалықты басты талап қылу нәтижесінде Аластау рәсімі дүниеге келген. Ластықты кері кетіруші құбылыс ретінде таныған түркілер оны өзге оң құбылыстық апатпен (стихия) жоюды ойластырған. Ол апаттың аты – от. Оң құбылыстық апат болғандықтан да отты қадырлау көшегендерде ерекше маңызға ие. Алайда, ол кәзіргідей діни негіздегі отқа табыну деген сөз емес, оны қадыр тұта отырып, қолдану тәжірибесі орныққан. Отпен материаның қандай күйдегі ластығын да жоюға болатынын білген. Соның ішінде ақпараттық ласты да өртеуге болатындығы шырақ жағу рәсімінен көрініс табады. Ал, «алас» терминінің түбірі ежелгі от ұғымын білдіретін «ал» сөзінен туып тұр. Ежелгі түркілердің табиғи панасы болып табылатын Алтай тауының атауы да сол түбірден туындаған. Шамасы, Алтай тауы әуелгі замандарда басында от лаулаған жер бетін аластаушы ұлы шырақтың рөлін атқарған болуы да ықтимал.

Аяз атаның «тегі»
Наурыз мейрамы мемлекеттік ауқымда мерекеленгелі оның атрибуты ретінде түрлі ертегілердің кейіпкерлері телініп келеді, алайда жасандылық ешуақытта баянды болған емес, ертегілермен Наурызды байыту жүзеге аспай-ақ қойды. Шын мәнінде оны соншалықты байытудың қажеті де жоқ еді, өйткені, Наурыз о бастан-ақ қаһармансыз, кейіпсіз емес, тек оны жаңғырта, орнықтыра білу керек еді.
Қаһарман дегенде, Наурыздың тұжырымынан туындайтын Көк пен Жердің кейіптері Қыдыр ата мен Ұмай ананың дайын бейнелері бар. О баста, Қыдыр ата Көктің періште өкілі ретінде құт таратушы міндетін атқаратындай киелі тұлға. Тіпті, «қыдыр» сөзінің өзі түркілік «құд» және «ыр» (гір, ғыр, ғар, гер жұрнақтарының арғы түбі) тіркестерінен туындап, «құт үлестіруші» мағанасын білдірсе керек. Бұл қаһарман міндетінің астарында терең таным жатыр: түркі сенімі бойынша, әрбір жан өзінің ниеті мен еңбегіне орай Жарылқаушыдан сәйкес түрде несібе алуға мүмкіндігі бар. Ал, құт дегеніміз – Жарылқаушының киелі де баянды ету құдыреті. Бұл сөзбен Ебропада «гуд» түрінде Жаратқанды атайды. Ал, орыстың жыл ұғымын білдіретін «год» сөзі де жұмсарған «құд» ұғымының уақытты мөлшерлеу нұсқасы. Қазақтар бүгінде бірін бірі «Құтты болсын!» тіркесімен құттықтауында «жақсылықтың баянды болуы Жаратқанның бұйрығымен бекітілсін» деген тілек жатыр.
Қыдыр кейпі басқа діндерде де орын алған. Алайда, Қыдыр міндеті тәңірлік дүниетанымның төл туындысы екенін жоққа шығару қыйын. Көк пен оның туындысы болып табылатын адамзат арасында құт пен құрбандық түріндегі алым-берім қатынасы мыңдаған жылдар бойы орныққан. Ебразиялық алқапты жайлаған бұл қатынас, тіпті, кеңес өкіметі тұсында да аталмыш «дәстүрді» Қыдырдың Аяз ата бейнесінде дорбашамен сыйлық таратып, жалғастыруына ешбір кедергі болмады.
Жердің рухы ретіндегі Ұмай ана Көктің дарытқанын молайтушы, құтты (баталық ақпаратты) материалдаушы бейне. Береке аталатын көбею мен молдықтың басы – Наурыздың материалдық мәні болып табылады. Берекенің белгісі – көктің бүршік атуы мен төлдің туылуы. Наурыз айының малдың төлдеу науқанына сәйкес келуі де құбылыс пен көктемгі маусымның көрінісі, жаңа жылды лайықты қарсы алудың нәтижесі болып табылады.

Наурыз – түркілік жаңа жыл
Наурыздың рәсімін бейнелейтін үрдіс қазақтың қазырғы «жыл» сөзінің астарында жатыр. «Жыл» сөзі кәзірде Жердің Күнді айналатын уақыт өлшемінің бірлігін білдіргенімен, оның ежелгі түркілік нұсқасы: йыл. Бұл сөздің екінші мағынасы «жыйыл» үдерісін білдіретін ұғым болып табылады. Басқаша айтқанда, кәзіргі «жыл» сөзі о баста Уақыт пен Кеңістің жыйылу сәтін бейнелейтіндей, ғаламның «тарының қауызына сыйу» немесе ғарыштың бастапқы қалпына келу үдерісін көрсететіндей ұғымды білдіруден шыққан. Сөйтіп, ол үдерісті әлгі «Жолағашты» (Йол) өзек ету арқылы оған Уақыттың өлшем бірліктерінің бейнесін жыйып, рәсімдеу мен ритуалын қалыптаған.
Басқаша айтқанда, Наурыз мерекесі Ғарыштың старттық күйге түсу рәсімі болып табылады. Сондықтан да Наурызды түркілік айуандық мүшелдік күнтізбеден бөлек қарау мүмкін емес. Әрқайсысы айуанмен бейнеленген он екі жылдық мүшел, о баста Уақыт ағынын мөлшерлеу үшін ғана емес, оны үйлестіру мен ритуалдық нысанға айналдыру үшін, болашақ Уақытты сыйпаттау мен жүйелеуден және келешекті болжау үрдісінен туындаса керек. Сондықтан да күн мен түннің теңелу сәті өлара мезет ретінде Кеңісті «тарының қауызына сыйғызу» және «Уақыт ағынын қасқағым сәтке жыйу» деген ырымнан туылған «ЙЫЛ» (жыйыл) рәсімін жасауға итермелеген. Күні бүгінге дейін елдің батыс аймағындағы қазақтар бір біріне «жаңа» анықтауышын қоспастан «Жыл құтты болсын!» айтысады. Мұндағы «жыл» сөзі ежелгі «йыл» ұғымын білдіреді.
Сөйтіп, ежелгі «йыл» рәсімі Наурыздың әмбебаптық мына сыйпатын аша түседі: Наурыз – Кеңіс пен Уақытты (бір нүктеге, бір сәтке) жыйу құбылысының сәті, Жыл мен маусымның (көктемнің) басы.
Бір қызығы, Наурыз рәсімі қазақ халқында барлық жыйылу әрекетінен тұрады: дәмнің жыйылуы – наурызкөже; түстің жыйынтығы – адамдар мен айналаны жасандыру, безендіру, әшекейлеу көрінісі; дыбыстың, үннің жыйылуы – адамдардың қосыла ән шырқауы (хоровод), адамдардың көкіректерін түйістіру арқылы ниеттерді біріктіруі, малдарды бақыртып-өкіртуі, алуан күй аспаптарының тартылуы т.т. Мұның барлығы жыйылып келгенде ғарыштық Кесапатты болдырмаудың алдын алу рәсімдері болып табылады.

Наурыздың кемелдік пен тұтастық сыйпаты
Ежелгі түркілерде жеті саны Ғарыштың кемелдік күйінің сыйпырлық мәні ретінде мойындалған. Сондықтан да «жеті» сөзінен «жетік» түріндегі кемелдік сыйпаттың мәні аңғарылады. Бұл сөз о баста астарында «кемел» ұғымы секілді сын есіммен қатар, діттеген мақсатқа жетуді көздейтіндей құбылыс пен әрекеттің де мағынасы болған «жет» (йед) түрінде болса керек. Түркілік «жеті» сөзі тәңірлік әмбебап терминдердің бірі. Оның түбірі кәзір бұйрық райлы «жет» болғанмен, ол о баста әрі етістік, әрі зат есім, әрі сан есім мен сын есімдік сыйпатта қатар болған. Осыдан келіп, кемелдікті, дамуды білдіретін ұғымның сыйпырлық мәні «жеті» болып туындаған және кез келген нәрсенің кемелдігі оның жеті сатыдан өтуін талап еткен. Сөйтіп, Наурыздың санаттары да жетілік санмен қамтылса керек.
Даму құбылысының түркілер өмірінде маңыздылығы сондай, ол адамзаттың игілігіне жарап отырған талай таңбалардың да өзегіне айналған. Латын тілі арқылы дүние жүзіне «зет» (йед, жед, жет) аталатын әріп те соның бірі: Z . Біздің ойымызша, бұл төменгі және жоғарғы көлденең сызықшалардың ортасын қыйғаш сызықпен қосудан тұратын, сәйкес түрде «Жер мен Көктің арасын қосатын жол» деген мағынаны білдіретін ежелгі таңба болса керек. Оның атауы да соны меңзеп, «Жет!» деп тұрғандай. Қыйғаш сызық болса, өрлеуге, эволюциялық дамуға тән жолдың тұрпаты. Кәзірде бұл дыбысты бейнелейтін әріп болғанмен, о баста ол адамның ғарыштық даму сатысын көрсететін тұжырым болған деп топшылаған мақұл.
Енді осы Z –тің астыңғы сызықшасын алып тастасақ, кәдімгі 7 сыйпырын аламыз, мәні – қазақша «жеті». Бұл таңба шын мәнінде, жер бетінің қым-қуыт тірлігінен ада, кемелдігі «Көкке жеткен» жанның белгісі, тіпті, Кемел рухтың таңбасы деуге болар. Ондай рухты Наурызға қатысты алсақ - Қыдыр ата! Ол - Көктен Тәңірдің бұйрығы бойынша түсіп, жерлік жандарға тиесілі ырыздығын таратушы.
Басқа жағынан қарағанда, 7 таңбасы (сыйпыры) асатаяқтың нышаны іспетті. Ал, асатаяқ қазақ ұғымында аңызға толы рухани қуат пен сыйқыр иесі, кемел адамның қасиетті құралы.
Ежелгі түркілік Ғарыштың кемелдік сыйпаты үш категорияның жеті еселенуімен анықталады: жеті дәм (наурызкөже); жеті түс (әшекей, киешек); жеті үн (жетіген, жеті дауылпаз немесе жеті адамның хоры).
Наурыз Құбылыстың басы болғандықтан, оның санаттарының жетік те кемел болуы ойластырылған және іске асырылған. Сол себептен Наурызда біртекті дәм емес, жетітекті наурызкөже пісірілген. Тіпті, мұндағы «көже» сөзінің өзі ең ежелгі тәңірлік танымның терминдерінің жұрнағы болып табылады: кө – Көк, же – ас, «Көктің ырқына сәйкес киелі ас» деген мағана сыйып тұр.Наурызкөжеге жеті дәммен қатар ескі жылдан қалған соғымның, басқа да дәмнің араластырылуы Жыйыл принципін қанағаттандырудан шыққан. Тайқазанға бір астың пісірілуіне түрлі уақыттағы алуан тұрпатты дәмдердің салынуы Уақыт пен Кеңістің бір сәттік және бір қауыздық мәнге ие болу сыйпатын паш ету болып табылады.
Бояудың кемелдік сыйпаты түркілердің түсінігінде ақ түс болып табылады. Сондықтан да ақ түс қарттықтың нышаны. Ал, қыс - Жылдың қартаю кезеңі (маусымы). Сол себепті кемеліне келген адамның бейітіне ақ шүберек байланады да, ал той-думанда жас-кәрісіне қарамастан қазақтар қызылды-жасыл (ақ пен қара түстен өзге) алуан түсті киім киінеді. Бұл – мерекелік мәнді жеті бояулы принципті қанағаттандыруға тиіс Көк шартына бағындыру белгісі.
Наурыз мерекесінің жеті үндік принципін Жаңа жылдың алғашқы таңын қарсы алу кезінде таңмен таласа қыз-бозбалалардың ауылды бастарына көтеріп, құлын-танаға қоңырау байлап, азан-қазан, у-шуға бөлеу дәстүрі болғандығы көрсетеді. Ал, ежелгі замандарда, бәлкім, жеті түрлі аспап тартып, адамдар хормен ән шырқау дәстүрі болуы әбден мүмкін. Бұған ежелгі Шумерде жасанып киінген жұрттың дауылпаздатып шеруге шығу көрінісін алуға болады. Әсіресе, қазақтың жетіген аспабының қолданылуы да Наурыздың бас таңын қарсы алу кезінде тартылуы ғажап емес. «Жетіген» сөзінің «жетіг+үн» тіркесінен шығуы да соны айғақтайды. Ал, бүгінде хордың көптеген діндердің басты ритуалы болып сіңірілуінде де Наурыз мерекесінің ежелгі сілемі жатқаны анық.
Бір қызығы, көшегендерде ән-күй өнері негізінен жекедаралық сыйпатқа тән болғанмен, мереке кездерінде Жыйыл принципіне бағындырылуы, Наурыздың әлдебір киелі қасиетіне сенуден және ешкім де қасиетті сәтте өзінің жекедаралығын көрсетуге тиісті еместігінен туындаса керек. Бұл дәстүр, сондай-ақ, көшегендердің салтанатты сәттерінде қолға алынған үдеріс екендігін, жуырдағы көрсетілген қытайлық «Шыңғыс хан» тарихи филмі алдымызға тағы жайып салды.

Наурыздық принциптер мен дәріптер
Соңғы кездері Наурыздың принциптері аяқасты етіліп, оны тек қана күн мен түннің теңелуіне байланыстырумен шектеле бастадық. Шын мәнінде Наурыздың мерекелік сыйпатын ашатын үш мән бар:
- Құбылыс басы;
- Жыл басы;
- Маусым басы. Құбылыс дегеніміз – Дәмнің, Түстің және Үннің үйлесімдік көрінісі. Ғарыштағы болатын кез келген құбылыстың дәмі, үні мен түсі болады деген сөз. Осыған орай, түркілер ниет пен іс-әрекеттің нәтижесіне тән дәмнің, бояудың және дыбыстың болатынын түрлі жолдармен ашып келген. Болашақ күндердің баянды болуын жақсы ниет пен аталған негіздерді дұрыс қолдану арқылы жағымды іске (жазмышқа, тағдырға, пешенеге, бұйрыққа) жол ашу құпиясын ашқан секілді. Сондықтан да ежелгі түркілер жыл сайын ғаламдық осы негіздердің Наурыз кезіндегі үйлесімді көрініс табуын баянды бастама ретінде маңызды шараға есептеген.
Тіпті, күн мен түннің теңелу сәтін ғарыштық өлара мезет, жыларалық меже ретінде таңдауы да бекер емес, оны ежелгі түркілер Уақыт ағынының үзігі ретінде таныған. Наурыздың Жыл мен Көктемнің басы болуы сол себепті. Аталмыш өлара апта наурыз айының кәзіргіше 14-20 (ескіше 1-7) аралығын қамтып, жеті күнге созылса керек. Сонда Наурыздың шарықтау шегі күн мен түннің теңелетін 21-22-сі.
Алайда, күн мен түннің теңелуі мерекеге мәйек емес, мәселе оның Құбылыс пен Жылдың, Көктемнің басы ретіндегі маңызында. Бәлкім, моңғолдар мен ебірейлер өздерінің жыл басын күзгі күн мен түн теңелуіне сәйкес 22 қыркүйекте атауы да сондықтан болар.
Бүгінде аталып өтілуі түрлі пікірталас туғызып отырған, өзіне тән мерекелік атрибуттар мен рәсімдерден ажыраған Наурыз мерекесі біршама тоқырауды бастан кешуде. Мұның төркіні өзіміздің Наурыз жөніндегі тарихи тұжырымымыздың тарихи талай қатпардан ажыратылмағандығынан, нақтыланбағанынан және оны өзге рухани деңгейдегі құрсаудан шығара алмай отыруымыздан көрген дұрыс. Этностық, тарихи, танымпаздық әрі жасампаздық болмысымыздың көрінісі болып табылатын Наурызды тоқыраған танымнан арашалап, өз деңгейінде паш ететін күн туды. Ол үшін, 14-20 наурыз аралығын ескі жылмен қоштасу кезеңі ретінде жариялап, 21 наурызды да демалыс күні ету арқылы 22 наурызға қараған түнді Қыдыр түні ретінде Ырыс таңын қарсы алатындай рәсімдермен толықтыратын кез келді. Әсіресе, өзге ертегілік персонаждармен былықтырмай-ақ, оны фольклор мен этнографиялық еске алу күніне айналдырмастан, Наурыздың өзіне тән Ұмай ана бастаған он екі жылдық кейіпкерлерді қатыстыра отырып, «Аластау», «Ұйқыашар», «Селтеткізер» секілді ежелгі дәріптерді заманға сәйкестендіріп жаңғыртатын жағдайымыз бар.
Алайда, танымы мен тағдыры аса күрделі Қыдырды Аяз ата мен Санта Клаустың кейпіне, пенделік бейненің деңгейіне түсірмей-ақ, Ырыс таңында Құт үлестіруші ретінде мифтік бейнесінен ажыратпағанымыз дұрыс. Өйткені, ол – кісі бейнесінде келбеттенуге тиісті емес Жаратушының басты «қызметшілерінің» бірі, рухани әлемдегі шынайы Рух. Тіпті, аса қабілетті жандардың оны көретіні де рас. Ал Ұмай ана - Жердің киесі, жыйынтық бейнесі, сондықтан ол адамзатты жамандықтан аластаушы, жер бетін ластан тазартушы және тайқазанға ие боларлық берекелеуші қаһарман ретінде Наурыздың басты көрнекті персонажы болуға лайық.
С.Ерғали, мәдениеттанушы

4 Март 2008 г.

Көшегеннің құрым киізінен жиренеміз де, отырықтың пластикалық көрпесін жамылуға құмармыз

Белгілі саясаттанушы, мәдениеттанушы, тәуелсіз журналист Серік Ерғалимен сұхбат

- Секе, «Азат» қозғалысының негізін қалаушылар арасында саясатшы болып бастап, саясаттанушы ретінде қалыптасып қалдыңыз. Оған соңғы жылдары жарияланған талай көсемсөздеріңіз куә. Ал, соңғы кездері сіз мәдениеттанумен де айналысып жүрген жайыңыз бар. Осылардың барлығы менің сізден «Егемен болған қазақ халқы неге рухани жағынан абдырап қалды?» деген сауалға жауап алуыма мүмкіндік беретін сияқты...
- Аса күрделі де маңызды мәселе... Бұл ұлттың тағдырын қазып қарайтындай тамырлы сұрақ. Сұрағыңыз орнымен қойылып тұр және ұлтымыздың рухани абдырағаны рас, бірақ тоқыраған жоқ, соғылысқан сең арасынан аман қалуды ойлап бас қатыруда. Бұл сауалға жауап іздеу үшін қазақтың тарихи болмысына назар аударып барып, ұлттың бұрынғы құндылығы мен заман талабы аталып жүрген тез деген құралды безбендеу керек. Сонда біз алаш деген алыпты аңтарған жайтты сезінеміз.
Қазақты өзге ұлтпен салыстырғанда мәдениет жағынан тек қана моңғолмен шендестіруге болар, бірақ тағдыр жағынан қазақтың көрмеген ауртпалығы тағдырлас моңғолға қарағанда аз емес. Өзіміздің қырғыз да қазақтың қалқасында біраз дауылдан аман қалды. Таудың баурайындағы қырқа секілді немесе үлкен діңгекке біткен бұтақтай. Ал, қазақ дегеніміз – түркі деген нәсілдің де, көшпелі өмір салтының да басты діңгегі болатын. Сондықтан да қазаққа ғасыр да, тасыр да өш.
Біздің халық мыңдаған жылдар бойғы өмір салтын, тозған киім секілденген көшегендікті тек қана ХХ ғасырда қыймай тастады. Онда да қызыл империяның зорлауымен, еріксіз түрде миллиондаған адамды құрбан ете отырып, бір ғасырда төрт қоғамдық формацияны шекпен шешкендей айырбастады. Бір ғасыр ішінде мұндай дүрбелеңді бастан кешкен халық бар ма? Моңғолдар әлі күнге көшегендіктен ажыраған жоқ, олар біз секілді өз құндылығын өздеріне дұшпан еткен зәбірді көрген жоқ. Ал, өзіміздің өзбек бауырымыз өзімізбен бірге зобалаңды көрсе де, өмір салты өзгермеген күйі келеді. Өмір салты дегеніміз – ұлттық құндылықтың көзі де, өзегі де. Бұл арада көшпелі құндылық пен отырық құндылықты айтып отырмын.
Қазақтар көшпелі өмір арқылы адамзаттың аталық негізіне сүйенген мәдениетті тұтынып келген халық. Ал, отырық елдер аналық негіздің құндағында қалыптасқан мәдениеттің көзі ғой. Сөйтіп, біздің халық қазыр еркектің өз жынысын айырбастағандай халды бастан кешуде.
Көшегендікке не тән? Отырық мәдениет сықылды жасампаздық емес, бастампаздық тән. Жер бетіндегі барлық өркениет ошақтарының пайда болуына, туындауына көшегендердің бірден бір қатысы бар. Бұл көп ұзамай мойындалатын шындық. Мен өз бетімше далалық көшегентанумен айналыса келе осындай тұжырымға келдім.
- Сонда адамзатта екі-ақ мәдениет бар ма?
- Мен екі супермәдениет бар деп есептеймін. Жалпы «Мәдениет» деген ұғымға әлі күнге тұрақты анықтама жоқ, соның өзі де адамзаттың басты екі түрлі өмір салтына бөлінетінін ескермеуден туып отырған мәселе. Мәдениет дегеніміз – ең бірінші, басты құндылықтар көзі.
Жер бетінде екі супермәдениет, бірақ бірнеше өркениет бар. Қазыр мойындалып отырған әрбір өркениеттің әрқайсысына көшегендік ортаның бірден бір ықпалы бар. Былай айтқанда, екі мәдениет екі жыныстың көрінісі де, өркениет солардың туындылары. Тіпті, қытайдан шықты делінген қағаз, қарындаш, кеме секілді өркениет туындылары көшпелі ортадан бастау алып барып, кейін отырық қытайда орнығып, даму сатысына түскен және отырық ортаның орнықты пайдасына жарап кеткен. Ал, әрі туымпаз, әрі кертартпа көшпелі ортада даму топырағы жоққа тән. Көшпелі қоғам бастауға міндетті, ал отырық орта оны дамытуға тиісті. Сондықтан көшпелі мәдениет - Уақыттың қожасы, бірақ Кеңістің құлы. Ал, отырық мәдениет - Уақыттың құлы, Кеңістің қожасы. Көшегендер уақытпен санаспайды, бірақ кеңістік жоқ жерде өледі, ал отырықшылдар уақыттың әрбір сәтіне жармасумен күн кешеді, алайда, әрбір сүйем жерді өзіне құл етіп пайда табады. Міне, осы негіздерге сәйкес пайда болатын екі түрлі құндылық бар және осы қайшылықтан құндылық тайталасын да сезу керек!
Қазақтың қазырғы тағдыры да осы тайталастың майданына айналғандығында. Қазақ отырықтануды бітіре алмауда: өмір отырықтанды, ал сана көшегендік қалыпта. Сондықтан да біздің қазырғы санамызда көптеген қайшылық бар, өзімізден өзіміз жеру бар, өзімізді өзгеден іздеу бар және өзімізді жоққа шығару біздің құндылығымызға айналуда. Бірақ уақыт өткен сайын өзімізді іздеген әлемнен өзімізді таппай, қай халық та өзімен өзі екеніне көзіміз жеткен сайын, не істерімізді білмейтін халға ұшыраудамыз. Сонымызды жуып-шайу үшін «біз - көпұлттымыз» деген ертегіні көп айтатын болдық, сондай демогогиямен біздің төл келбетіміз бен тұрқымызды жоққа шығарып, жер бетін оңды-солды билеген көшеген мәдениеттің бірден бір мұрагері екенімізді мақтан тұта алмайтын пұшайман халымызды арашалағымыз келеді. Яғный, біз көшегендіктен ажыраған, отырыққа айналмаған дүбәрәның күйін кешудеміз.
Ұлтты бұл ауырталықтан құтқаратын мемлекеттік кірісім (подход) болмай отыр. Бұл үдеріс – қазақ үшін бірнеше мың жылда келетін бір-ақ шаруа. Біз соған назар салмай отырмыз.
- Назар салғанда не істеу керек дейсіз?
- Қазақ халқының көшегендік санадан отырық санаға сырқаусыз өту үдерісін қолға алатын идеология, саяси жүйе мен мәдени құрылым жасақталу керек еді, соған сай құндылық шайма да көкезу ертегіге емес, шынайы болмысымызға негізделуі қажет еді. Ал, біздің қазырғы мәдени тұжырымдамамыз бен құндылығымыз Батысқа құлдық ұру, өзіміздің көшегендік болмысымызды тәрк ету, менсінбеу, өзімізден өзіміз бас тарту, өзіміздің руханиятымызды ебропалау арқылы шетке жағыну, өзіміздің даму сатымыздың жалғандығын сол арқылы бүркемелеу, өзімізді азиаттық ретінде қорсынып, ебропасыну секілді құлдық көзқарасқа негізделген. Сондықтан да біздің елде ебропаның бір саздық аспабына сарай салына береді. Ал, елді ауызына қаратып жүрген жырға, термеге, айтысқа арналған бір де бір өнержай жоқ, тіпті, дамуын қолға алатын құрылым жоқ. Қысқасы, біз көшегеннің құрым киізінен жиренеміз де, отырықтың пластикалық көрпесін жамылуға құмармыз.
- Өнержай демекші, сіз осындай бір ғыймараттың жобасын ұсынып біраз жүгіріпсіз, бұл осы қыңырайған мәдени тұжырымдамамызға ықпал етуден туындаған ниет пе?
- Дұрыс байқап отырсыз, сол пыйғылдан туындаған. Оны біраз адамға алып ұшып жүгіргенмен ештеңе өнбеді. Жалпы, біздің қоғамда өнер мен мәдениет саласы қоғамның сұранысын жеке бастың мүддесіне бағындыруға бағытталған. Ал, Ресейде жеке бастың мүддесі қоғамның игілігіне айналатындай шебер қолданыс қалыптасқан. Сондықтан біз дарындарымызға көңіл бөлмей, ресейлік әншілерге ақша жұмсауды мақтан тұтамыз.
Менің әлгі жобам мәдениет саласындағы жасаған бірнеше жобамның бірі. Өкінішке орай, оны да біреу–міреу ұрлап-жырлап, ағызып-тамызып іске асыратын шығар. Ал, менің ойым, жай ғана қазақтың фольклорлық өнеріне сарай салу емес, фольклорды классикалық өнерге айналдыру мүмкіндігін жасаудан туылған идея болатын. Фольклор үшін продюсураны қалыптастыру еді. Классикаға айналған фольклор ғана әлемді ауызына қаратып, таңырқатады, ұлттың мерейін өсіреді. Ал, біз мерейі онсыз да өсіңкі әлемдік өнерге өзімізді құл етуге құмармыз. Ебропаның операсы мен балеті бізсіз де дамый береді, оны меңгерген қазақ бәрібір италы бола алмайды, ұшпаққа шықпайды, ал италыдан Сүгір шықпайды. Әзірге біз ебропалық классикаға айналған дайын өнерге құмырай қауып, Батысқа жақсы атты болуды ғана қолға алып отырмыз. Бірақ оны түсінетін әзірге жеке тұлға болғанмен, тиісті органдар болмай тұр.
Бізде жалпы, фольклорды таза қазақы ғана өнер, ал оның заман талабына сәйкестендірілуі өнерімізді бұрмалау, нұқсан келтіру деген жабайы түсінік бар. Мен мұнымен келіспеймін, біздің «көшті доғарғанымызға» бір ғасыр болды, ал өміріміз бен өнерімізді сол көшегендіктен айырғымыз келмейді. Енді Бұхардың да, Құрманғазының да болуы мүмкін еместігін ескеретін уақыт келді. Олардың дарыны суалмас, бірақ оны әшекейлеп тауарға айналдырмасақ, бізді ешкім түсінбейді, біздің ешкімге керегіміз жоқ, ал шет өнерді меңгергеніміз таңсық болып жарытпайды, ондай мықтылық -олар үшін де, біз үшін де құндылық емес. Олар бізге экзотика ретінде ғана назар салуы мүмкін. Ал, экзотикалық көзқарас тұтынатын тауарға емес, қызықтайтын сувенирге ғана тиесілі. Біз өзімізге деген сувенирлік көзқарастан бас тартып, өтімді тауар екенімізді көрсететіндей іске жұмылуымыз керек. Мысалы, Батыстың қаптамасына (упаковка) орап, күйлерімізді Асылбек Еңсепов, «Ұлытау» тобы көп пайда келтіруде. «Көшпенділер» филмі секілді өзімізді ойыншық пен күлкіге айналдырғаннан гөрі, батыстық Боратқа жауапты осылай беру керек! Жириновский тіліміздің жоқтығын бетімізге қалай басып еді? Ал, соған біз қалай жауап берудеміз? Бұл – құндылық жайындағы мәселе!
- Бірнеше мәдени жобаңыз жөнінде айтып қалдыңыз. Айтпақшы, айтыс жөнінде де басыңыз дауға қалып еді ғой...
- Дауға қалмағанмен, дауласу бола жаздағаны рас, тек мен тарапынан ол арандатуға барудан бас тарту болды. Мұны таратып айтайын. 2001 жылы елде Мәдениет жылы деген мәртебе берілгені белгілі. Сол жылы мен екі жобаны жүзеге асырдым. Біреуі – туған ауылым Қаражарда 90-жылдары 5000 теңгеге сатылып кеткен ауыл клубының ғыймаратын қайта салдырдым. Оған АҚШ-тың 5000 доллары ғана кетті және ол ақша халықаралық қоғамдық ұйымның берген гранты еді. Құрылыс материалдары сатып алынып, жергілікті билік пен тұрғындарды жұмылдырудың арқасында жүзеге асты. Осы жобаны да министрлікке беріп қаншама жүгірдім - ештеңе шықпады. Бұл жоба арқылы Қазақстандағы қыйраған ауылдық клубтарды бас-аяғы екі-үш жылда қалпына келтіруге болатын. Сонымен бірге сол ауылдарда клуб, кітапхана, медпункт, пошта жұмыстарын бірден іске қосуға болар еді. Қаншама адам жұмысты болып, ауылдарға қандай қызметтер көрсетіле бастар еді, шіркін!?
Жобаның енді бірі айтыс қой. Оған келсек, былай. 2001 жылы «Айтысты жаңаша ұйымдастыру ережесі» деген құжатты дәйектеп, зияткерлік өнертабыс ретінде арнайы тіркеп, куәлік алдым.
- Мұндағы мақсатыңыз не? Қалайша жаңаша өткізуді ойладыңыз?
- Мақсат – айтысты техникалық мүмкіндіктерді пайдаланып, халықтық өнер ету, айтысты ұйымдастыруды сол кезге тән кейбір кемшіліктерден, оны жеке бастың табыс көзі болудан және субъективизмнен құтқару, заман талабына сай шоусыйпатты тележанрға айналдыру еді. Сол кезде де, кәзірге де тән мына кемшіліктерді айтуға болады:
- сахнаға айтыс емес, сыйлықтардың шығып кетуі;
- айтыстың барысынан гөрі сыйлықты бөлісу үдерісінің басты назарда болуы;
- айтысты бағалаудағы субъективизм мен әділетсіздіктер;
- айтыстың халықтық сыйпаттан жұрдай болуы;
- айтыскерлердің артистік кейіпке ұрынуы;
- айтыс тақырыбының тайыздығы мен ақпаратсыздығы және сауатсыздығы;
- айтыстың архаистикалық тұрғысы;
- айтыстың ұлтты жіктеуге ұрындыруы;
- айтыстың әкімшілік қолындағы ойынға айналуы;
- айтысқа деген жас көрерменнің құлықсыздығы т.т.
Осыларды ескере келіп, ережеде «айтыскер», «кеңескер», «жек пе жек айтыс», «жақ-жақ айтыс» т.т. ондаған терминдер мен ұғымдар пайда болды. Айтысты бағалаудың бірнеше түрі мен сыйпаты жасалды. Бұларды қалай ұйымдастыру және айтысты қалай дамыту тетіктері анықталды. Мұның барлығы қағаз жүзінде емес, 2001 жылы ақтөбелік РИКА телеарнасында наурыз-маусым аралығында облыстық деңгейде жаңа ереже бойынша айтыс ұйымдастырылып, көпшіліктің қолпашына ұсынылып, сынақтан өткізілді. Бірақ одан әрі жолы болмады, қаржы да, назар да болмағасын, «бәлду-бәлду бәрі өтірік» дегендей күй кештік. Екі аптадан соң, 2001 жылы 30 маусым күні жобамыз «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде жарқ ете қалды, ұйымдастырушы - Жүрсін ағамыз.
Әрине, мен наразылық білдіріп, талай хат жаздым, басылым бетіне шықтым. Құқымды қорғауды ойлағанмен, сотқа сенбедім. Мені қалың қазаққа айтысты жекешелеп алған әумесер етіп, кейбір айтыскерлер күлкі қылды. Өздерінің сауатсыздығын халыққа құндылық етті. Жүкең бір жыл бойы әлгі жобаны әурелеп, ақырында өзінің баяғы нұсқасына қайта көшті. Жүзеге асыра алмады. Ал, идея тәрк етілді. Егер екеуміз бірігіп қолға алғанда басқаша болар ма еді?! Сөйтіп, «ұмытылған» істі «Қазақстан» телеарнасының Нұртілеу Иманғалиұлы басқарған кездегі командасы тағы қолға алды. Олар бұл жолы спортқа айналдырып, «Айтыс -Қазақстан чемпионаты» деген жұмбақ атаумен шықты. Өнердің спорт еместігі және онда чемпион болмайтындығы ескерілмеді. Сосын жоба «Аламан айтыс» деген бәйге спортының сәйкеспейтін терминін арқалап тағы жол тартты. Тым жақсы идеяға негізделген жап-жақсы жоба, біресе спорт, біресе атжарыстың кебін киюде. Бір қызығы, аталмыш телеарна бұл жобаны авторсыз өткізуде, ал әлемдегі телеөнімдерде авторсыздық ұрлықпен бірдей бағаланатын жайт. Қысқасы, біздегі құндылық талан-таражға түсетін болмаса көкпарға тартылатын көк серке тәрізді.
- Дегенмен, осы жобаның кісіні қызықтыратындай қауқары бар секілді?
- Ол рас. Өйткені, о баста адамды қалай, немен және қайтып қызықтыру мен тартудың жолдары ойлап табылған еді.Соның біршама көрінісі «Қазақстандағы» айтыста бар екені рас. Бұл жобаны бұдан үш жыл бұрын сайттарға және ішінара сұхбаттарымда сыйпаттап жариялап жіберген болатынмын. Сол идеялар сол күйінде көрініс тауып отыр.
Бірақ автор ретінде, бір жағынан жоба идеясының діттеген мақсатқа жеткеніне рыйзамын. Айтыс ұйымдастырудағы монополия жойылды, халық ненің жақсы, ненің нашар екенін таңдайтын халға тап келді. Айтыс шал-кемпірдің қарайтын өнері болудан гөрі, қазақтілді ортаның қызықтайтын телеөніміне айнала бастады.
Алайда, бұл «аламан айтыста» қате мен кемшілік жеткілікті. Соның бірі телефон арқылы дауыс беруде. Жуырда телефонмен дауыс беріп көрсем, «Дауысыңыз қабылданды, енді таңдаған айтыскерге тағы бес дауыс үстеме бергіңіз келсе, мына нөмірге хабарласыңыз, құны - бәлен теңге» дегендей хабарламаны естігенде, аң-таң қалдым. Соған қарағанда, дауыс беру дұрыс жолға қойылмаған, бір көрермен қалаған айтыскеріне отырып алып, ондаған дауыс беруіне болады деген сөз. Қол телефонмен хабарлама арқылы берілетін дауыстың да шынайылығы күдік келтіреді. Өйткені, бір телефоннан қайталап дауыс қабылдамау сүзгісі жасалмаған. Яғный жұртты алдау тоқтамай отыр.
- Жалпы, кәзіргі айтыстың сапасы жөнінде не айтар едіңіз?
- Жалпы, Жүкең айтысты аман алып қалуға еңбек сіңірген кісі. Ал, айтыстың сапасы оны ұйымдастыруға тәуелді. Жүрсін ағамыздың айтысы кеңқолтық, уақытты көп алатын нұсқа және жанр мен түр, сапа дегендерге жол аз қалған. Әйтеуір, сыпыра айтыс. Таптаурын. Арналған тақырып та жайына қалады, тігілген жүлде ойналса, жеткілікті секілді. Дегенмен, айтыскерлердің таланты ол кемшілікті қымтап, жуып-шайып жатады.
Ал, тікелей эфирдегі жек пе жек айтыстың біршама сапасы бар. Қайым айтыс көз алдымызда даму жолына түсе бастады. Уақытқа байланысты айтыскердің де шыйрауы пайда болды. Поэтикалық сапа да бар. Тақырыпты ашуға тырысу жақсы.
Айтысты бұдан да әлдеқайда дамытудың жолы бар. Ол үшін айтыс өнеріне құрылым мен зерттеме керек. Еңбек болмаса, айтыскерлерге семинар ұйымдастыру қажет. Мұның бәрін мен айтыскерлер одағын құру арқылы қолға алуға болатынын айтып келемін. Сол арқылы айтысты жеке бас пен субъективизмнен құтқаруға болар еді. Алайда, оны арнайы білім ордаларындағы оқуға айналдыру кәзір дұрыс емес. Ондай деңгейге айтыс жөніндегі білім мен зерттеме жүйеленбеген, бағдарлама жоқ, осындайда оны оқу нысаны етсек, айтысты біреулердің табыс көзіне тағы айналдыратын болармыз.
Тіпті, айтыстың қандай өнер екені әлі нақтыланған жоқ деп есептеймін. Бұған дейінгі қалыптасқан «Айтыс – қазақ ауыз әдебиетінің айырықша түрі» деген уәждің барған сайын дұрыс еместігі айқындала түсуде. Меніңше, айтыс - әдебиет емес, журналистикаға әлдеқайда жақын нысан, дәлірегі – поэтикалық журналистика. Өйткені, әдебиет - өмірді философиялық тұрғыдан бейнелейтін мәдени туынды болса, журналистика - өмірді шынайы көрінісі. Қысқасы, айтыстың әдеби туынды болуынан гөрі, оның шара ретіндегі ықпалы басым және оған барды - бар, жоқты - жоқ деуге бейімделген поэтикалық тілі бар журналистік тәсіл тән. Айтыс өнімін ешкім де әдеби мұра ретінде (зерттеушілер болмаса) оқи қоймайды, оны тек қызықтайды.
Айтысқа әдебиеттің бір бөлігі болмаса поэзияның бәсекелесі деп қарау түбірімен дұрыс емес. Дұрысында, айтыс - поэтиканы ерттеп мініп, музыйканы серік еткен, әлеуметтік мәселені ақтаруға арналған, сыни көзқараспен азықтанған журналистика. Сондықтан да жазба ақындар мен жазушылар бұл өнерге шошына қарайды, ал халық шындық іздеумен әуре. Сол себепті де, айтыстың «тұзы жеңіл», тағдыры ауыр. Сондықтан да айтыскер мен ақынның арасында айырмашылық жер мен көктей; айтысты «ақындар айтысы» дегеннен гөрі, жай ғана «Айтыс» деген дұрыс. Айтыскердің бәрі поэзияның өкілі бола алмайды, ал ақынның бәрі айтыскер болуды міндетсімейді.
Жалпы, кәзіргі айтыс – біздің көшегендіктен отырық өркениетке алып кірген сәйгүлігіміз, сондықтан да оған жаңаша ұйымдастыру мен жаңа көзқарас керек, сәйкес бап қажет. Әркімге көрсетіп көрімдік сұрағаннан опа таппаймыз, оны шынайы даму жолына салу керек. Бұл тұжырым біздің бар рухани саламызға тән болғаны жөн.
- Секе, жуырда жаңа әліпби тұжырымдамасын жарияладыңыз, бұл қандай мақсатты көздейтін еңбек?
- Тіл мәселесіне көңіл бөліп жүріп, кәзіргі әліпбидің қазақ тіліне қатыстылығы шамалы екеніне көзім жетті. Сөйтіп жүріп, бұл жайындағы көп әңгімеге қатысқаннан гөрі нақты нәрсе жасайын деген ниетпен осы «Жаңа әліпби тұжырымдамасын» дәйектеп шықтым, Бұл - ресми бекімеген, авторлық жоба. Мақсатым – болашақта болмай қоймайтын ұлттық әліпбиімізді жасаушыларға ой тастау және тұжырымдарды қазақтілді ортаға жария ету еді. Алайда, біздің қазақы орта ондай жаңалықты қаузауға шорқақ па, әлде құнтсыз ба, ешқандай реакция жоқ.
Бұл әліпби негізгі төрт принципке негізделген:
- қазақ тілінің конституциясы болып табылатын Үндесім заңдылығына;
- әліпбиде қарастырылған дыбыстардың қазақ тіліне сәйкестігіне;
- қазақ әліпбиінің ежелгі руникалық нұсқасының сыйпатына байланыстылығы;
- харып (шрифт) таңдаудағы уақыт пен техникалық талаптарға сәйкестілік. Жаңа емле ұсынылып отыр. Ол бойынша жазу 20-25 пайызға қысқарады. Меніңше, біз тілді сақтағымыз келсе, әліпби мен емлені барынша қарапайымдатып, заманға сәйкестендіруіміз керек.
- Пікіріңізге көптен көп рахмет, Секе!

Сұхбаттасқан – Б. Қайратұлы

ЖЕКСҰРЫН ШӨЖЕ

Х. АНДЕРСЕН

ЕРТЕГІ

Қала сырты рахат! Жаз келіп, қара бидай сарғайды, сұлы көктеп, жағалай шөмеле қаптады; көгалда ұзын сирақ ләйлек құс ойқастап жүріп, мысырша шатпақтап сөйлеуде – оны енесінен үйренген еді. Атырап пен көгалдың арғы жағы алма-кезек тоғай мен көлдерге ұласқан. Қала сыртында бұдан артық не керек! Айнала арықпен қоршалған ескі мекен күнге шыжығандай сиықта; шарбақтан арыққа дейін ірі жапырағының астына сәби жасырынатындай болып түйежапырақ қаптай өсіпті. Жиі өскен түйежапырақ та өзінше ну ормандағыдай тымтырыс әрі нағыз жабайы көрініс орнаған, міне, сондай бір жерде жұмыртқа басып бір үйрек жатты. Оның жұмыртқа басқанына сонша көп уақыт болса керек, ол жалығып бітті: өйткені, өзгелері онымен бірге барқылдап жатқаннан гөрі арық қуалап жөндерінде жүзіп жүр.
Ақырында жұмыртқа қабығы шытынай бастады. «Шиқ! Шиқ!» деп жұмыртқаның сары уыздарына жан кіріп, жарықтан титтей тұмсықтар шыға бастады.
- Тірі! Тірі!- деп барқылдаған үйректі айнала жұмыртқадан жаңа шыққан сары үрпектер айнала аңқиып, көздеріне алғаш түскен түйежапыраққа барлай қарауда; енесі еркіне қоя берді – жасыл түс көздеріне пайдалы.
- Дүние қандай байтақ! – десті шібилер.
Әрине! Мынау дегенің өздері шыққан қабық ішінен әлдеқайда кең ғой.
- Сендер дүниенің небәрі осы деп тұрсыңдар ма? – деді енесі, - Жоқ! Бұның шегі жоқ, анау бақтан ары, тіпті, сонау тақуаның алаңынан да ары қарай созылып жатыр, бірақ мен туғалы онда болған емеспін!.. Қане, түгелсіңдер ме? – деді де ол түрегелді. – Жоқ,түгел шықпапсыңдар! Ең ірі жұмыртқа бүтін күйінде екен. Бұның ақыры бар ма, тіпті, жалығып кеттім!
Ол амалсыз әлгі жұмыртқаны басып жата кетті.
- Қалай, сенің халың? – деп оған кәрі үйрек сығалай қарады.
- Әлі бір жұмыртқа қалып тұр! – деді жас үйрек. – Басуымда кем жоқ, шығатын емес! Басқасына қараңызшы! Сүйкімді-ақ! Әкесінен аумаған неме, мынау бір! Ол оңбаған маған бір рет те жолықпады!
- Былай тұршы, мен қарап жіберейін жұмыртқаңды! – деді әже үйрек. - Мүмкін бұл күркетауықтыкы болар! Мені солай бір рет сорлатқаны бар! Күркелілерді басып шығам деп сондағы сорлағанымды білсең! Ол құрғырлар судан өлердей қорқады ғой; мен оларға барқылдадым да, шақырдым да, суға итердім де, тіпті, баспады! Қане, қарайын! Айттым ғой! Мынауың күркетауық жұмыртқасы! Таста да өзгелерін жүзуге үйрет, құрысын бұл!
- Аздап басайын енді! – деді жас үйрек. – Қырқына шыдадым, енді біреуіне шыдайын.
- Өзің біл, қарағым!- деді де кәрі үйрек жөніне кетті.
Ақырында ең ірі жұмыртқа да шытынады. «Шиқ! Шиқ!» деп одан сұрықсыз балапан ақтарылып түсті. Үйрек оған зер сала қарады.
- Масқара, ірі екен! – деді ол.- Басқаларына ұқсамайды ғой! Неғып күркетауық болмақ? Итеріп түсірсем де, мұны суға салармын!
Келесі күні ауа райы сондай жайлы болды, күн сәулесіне түйежапырақ жайылған жасыл алқап малынып тұрды. Үйрек бала-шағасымен арыққа шұбырды. Күмп! – етіп үйректің өзі судан бір шықты.
- Қане, еріңдер маған! – деп балапандарын шақырды, үрпектер соңынан бірінен соң бірі суға күмп беріп жатыр.
Әуелі олардың басы судан көрінбеді, сосын шібилер айналасын тамашалау үшін бастарын шығарып жүзе бастады. Бәрі де табаншаларын тынбастан сермеумен болды, сұрықсыз сұры шіби де басқасынан қалар емес.
- Мынау қайдағы күркетауық болсын? – деді үйрек өзінен өзі. – Табаншаларын қалай сермейді, өзін қалай тіке ұстай біледі! Жоқ бұл өзімнің ұлым ғой! Өзіне дұрыстап қарасаң, сонша жаман емес! Қане, қане, ерің маған! Мен сендерді қазір қауымға апарайын – кеттік құс қораға. Бірақ біреу тапап кетпесін, маған жақын жүрің, әсіресе, мысықтан абай болың!
Олар құс қораға да жетті. Туһ! Не деген абыр-сабыр, айқай-шу! Екі жанұя бір жемге таласуда еді, ақыры ол мысыққа бұйырды.
- Көрдіңдер ғой, бұл дүниеде не болып жататынын! – деді де үйрек шешей тұмсығын жалап бір жұтынды,- дәмді жемнен оның да татқысы келді. – Қане, табандарыңды қозғап, анау үйрек әжейге барқылдап сәлем етің! Олар бұл маңдағы бәрінен де абыройлы үйрек! Ол испан нәсілді, сондықтан да сондай семіз. Көрдіңдер ме, оның табанындағы қызыл қиықты? Қандай әдемі! Ол белгіге сирек үйректер ғана ие болады. Адамдар бұл белгімен бағалы үйректі жоғалтып алмаудың қамын жасайды; мұндай белгіні адам да, жануарлар да бірден таниды. Қане, тезірек! Табандарыңды қатар ұстамаң!Тәрбиелі үйрек екі табанды әр бөлек ұстап, әке-шешесі секілді табандарын жазып жүзеді! Міне, былай! Қане, енді иіліп, барқылдаңдар!
Балапандар айтқанды істеді; ал басқа үйректер бұларға қарап, былай деп жатты:
- Ал, міне, тағы да қаптады! Бұларсыз аз едік! Ана біреуі қандай сыйықсыз! Қандай ұнамсыз!
Бір үйрек жалмажан жетіп келді де, сұрықсыз балапанның мойнын қыршып алды.
- Тимеңдер оған! – деп ара түсті үйрек-шеше. - Ол сіздерге не істеп еді!
- Тиіспегені рас, бірақ ол сондай ірі де ерсі екен! – деді әлгі сотқар үйрек. – Оны жүндей түту керек!
- Сенің шібилерің сондай сүйкімді! – деді балағына қызыл қиық шүберек байланған үйрек әжей.- Бәрі де сондай жағымды, ана біреуінен басқасы... Сәтсіз шыққан! Өзін қайта жаратар ма еді!
- Ештеңесі де жоқ, құрметтім! – деп қарсыласты үйрек-шешей. – Ол сұрықсыз, бірақ ол қайырымды, жүзе де біледі, тіпті бәрінен де жақсы жүзеді. Меніңше, ол өскен сайын жақсарып, тұрқы кішірейеді. Ол жұмыртқада көбірек жатып қалғасын, осындай кейіптес болып қалған. – деді де ол ірі шібиін тұмсығымен сипап өтті. – Оның үстіне ол болашақ қораз, сондықтан оған әдемі болу қажетсіз. Өскен сайын ол ержетіп, өз жолын өзі-ақ тауып кетеді!
- Дегенмен, басқалары сондай сүйкімді-ақ! – деуін қоймады кәрі үйрек. – Жарайды, өз үйлеріңдей көріңдер, жем қараңдар, маған әкеліп берулеріңе де болады.
Үйрек-шешей балапандарымен құс қораны өз үйіндей сезіне бастады. Тек жұмыртқасынан кешігіп шыққан сұрықсыз бейшара шібиді үйрегі де, тауығы да шоқып, күлкіге айналдырумен болды.
- Мынау аса ірі ғой!- десті бәрі де, ал өзін әмірші санайтын тепкі тырнақты үнді қоразы кеменің жел үрген желкеніндей қомпайды да, сұрықсыз шібиге қопаңдап келіп, одырая қарап, қанатын қомдады; бар қаны айдарына шапшығандай, өрттей қызарып шыға келді. Бейшара балапан не істерін білмей, сүмірейді. Ол өзінің сұрықсыздығынан құс қорадағы барлық жұрттың күлкісі мен түрткісіне айналды.
Осылайша алғашқы күн өткенімен, бұдан арғы күндер оған тіпті ауыр болды.Оны бәрі қуғынға салды, тіпті ұяластары да оны жек көре:
- Сен секілді кемтарды мысық алып кетпейді екен! – деді.
Ал шешесі оларға қосылып:
- Көзіме көрінбесең екен! - деді.
Үйректер оны шоқып, тауық біткен шымшып, ал жемдеуші қыз аяғымен тебетін болды.
Бұл қорлыққа шыдамаған жексұрын шіби, алды да шарбақтан қарғып кетті! Одан қорыққан ұсақ - түйек құстар шоршып кетті.
«Олар мен сондай жексұрын болғасын шошып кетті!» - деп мұңайған бала үйрек, басы ауған жаққа кете барды. Ол жүгірген бетімен жабайы үйректер тұратын батпақтан бір шықты. Әбден қалжыраған ол жабырқаған күйі түні бойы осында болды.
Ертеңгісін ұяларынан ұшқан үйректер бейтаныс жолдасты көрді.
- Сен кімсің? – деп сұрады олар, ал үйрек шіби жауаптан жалтарумен болды. – Сен қандай сұрықсыз едің! – десті жабайы үйректер. - Әй, бізге бәрібір, бірақ бізбен туыстасамын деп ойлама!
Бейшара! Ол туыс болуды қайдан ойласын! Тек оны қуғындамай, құрақты балшықта отыруға мұрсат беріп, шөлін қандыруға мүмкіндік берсе болғаны. Ол екі күнді батпақта өткізіп еді, үшінші күні екі жабайы қаз балапаны пайда болды.Олар жуырда ғана жұмыртқасынан шықса керек, өздерін сонша маңғаз ұстайды екен.
- Тыңда, тамыр! – десті олар. - Сен сондай сұрықсыз екенсің! Бізбен бірге ұшып, еркін құс болғың келе ме? Осыған таяу батпақта қайырымды жабайы бойжеткен қаздар тұрады. Олар: «Қаңқ,қаңқ!» деп сөйлейді. Сен өзің сұрықсыз болғасын, бәлкім жолың болар!
«Гүрс! Гүрс!» - етіп батпақ үсті жаңғырып кетті де, әлгі екі қаз балапан да қамыс ішіне оқ тиіп серейіп түсті; суға қанды бояу жайылды. «Гүрс! Гүрс!» - деп тағы дыбыс шықты, қамыс арасынан бір топ жабайы қаз дүр етіп аспанға көтерілді. Оқ жауып кетті. Аңшылар батпақты жан-жақтан қоршап тастаған; кейбіреуі батпақ үстіне төнген ағаш бұтағына шығып кетіпті. Ағаш біткенді көгілдір түтін басып кетті де, су бетіне тұтасып қалды. Батпақты аңшы иттері шылпылдатып кезіп кетті; қамыс біткен ырғалуда. Бейшара үйрек бала қорыққанынан басын қанатына тықпалады, қайда қараса да, көздері жанып ырсалаңдап, тілі салаңдаған ит келеді екен. Ол үйрекке жақындап, азуын біледі де, былш-былш етіп жөніне шауып кетті.
- Жаратқанға шүкір!- деп шөже үйрек. – Шүкір! Шүкір! Менің сұрықсыздығым сондай, ит те тістеуге жеркенеді!
Ол қамыс арасына жасырынды; оның үстін ала бытыралар гулеп ұшып, мылтық дауысы шығып жатты.
Атыс кешке қарай ғана саябырсыды, бірақ үйректің тырп етуге жүрегі дауаламады. Ол есін жинап, орнынан қозғалып, көгал мен атырапты аралап кеткенше, бірнеше сағат өтіп кетті. Соққан желдің күштілігі сондай, үйрек шөже орнынан зорға жылжыды.
Түнге қарай сұрықсыз үйрек жадау үйшікке келді. Үйшіктің титықтағаны сондай, қай жағына құлауын білмегендіктен амалсыз тұрғандай екен. Үйрек шөжені ұшырып кетердей дауыл өршелене соққасын, ол жерге жамбастай қалды.
Құйын төніп келді; бейшара балапан қайтсын? Бағы бар екен, ол бір топсасы сынып, қисая жабылған үйшік есігінің саңылауынан кіруді ойлады. Ол сөйтті.
Үйшікте мысығы мен тауығы бар кемпір тұрушы еді. Мысықты ол ұлына балайтын; ол арқасын иіп керіліп, пырылдай алатын және жүнінің жатысына қарсы тараса, ұшқын да шығаратын. Ал кішкене ғана қысқа аяқты тауықты Келтеаяқ деп атайтын; ол жаңылмастан күніге жұмыртқалағасын кемпір оны қызындай көрді.
Олар келімсекті ертеңгісін байқады; мысық пырылдап, тауық қытқыттай бастады.
- Не бар анда? – деп сұрады кемпір, айнала қарап үйрек шөжесін көрді де, көзі дұрыс көрмейтін ол үйінен адасқан семіз үйрек екен деп ойлады.
- Олжа деген осы! - деді кемпір. - Енді менде үйрек жұмыртқалайтын болды, егер бұл аталық болмаса. Не болса да сынап көрейік!
Сөйтіп, үйректі сынауға кірісті,бірақ ол үш апта өтсе де бір рет жұмыртқаламады. Отағасы мысық еді де, ал отанасы тауық болатын, олардың екеуі де: «Біз бір төбе, қалған дүние бір төбе!» дейтін. Олар өздерін дүниенің ең жақсы тең жартысына теңеді. Ал, үйректің бұл жөніндегі пікірі мүлдем басқаша еді.Тауық болса, оның бұл пиғылын жақтырмады.
- Сен жұмыртқалай аласың ба? – деп сұрады ол үйректен.
- Жоқ!
- Ендеше ауызыңды жап! Ал, мысық өз сұрағын былай қойды:
- Сен өз арқаңды бүге аласың ба, пырылдау мен мамығыңды ұшқындату қолыңнан келе ме?
- Жоқ!
- Ендеше ақылды жандардың қасында өз пікірің өзіңе.
Осылайша үйрек бір бұрышта сүмірейіп отыратын болды. Кенет оның есіне таза ауа мен күн сәулесі түсіп, жүзуге сонша ынтықты. Ол шыдай алмастан бұл тілегін тауыққа айтты.
- Саған не болған өзі?!- деді ол. – Еріккеннен ойыңа не болса сол келеді екен! Онан да жұмыртқа тап болмаса пырылда, бәлкім, есіргенің кетер!
- Шіркін, суда жүзгенге не жетсін! – деді шөже үйрек. – Ал, тұңғиыққа сүңгігенді айтсайшы!
- Жетер осы рахаттанғаның! – деді тауық. - Сен жынданғансың ба? Мысықтан сұра, одан ақылды жоқ, ол жүзуді ме, әлді сүңгуді ұната ма екен! Мен өзім жайында айтпай-ақ қояйын! Тіпті, дүниедегі ең ақылгөй, біздің қожайын кемпірден сұра! Қалай ойлайсың, ол жүзуге ме, әлді сүңгуге ме, құштар?
- Сіз мені түсінбей тұрсыз! – деді үйрек.
- Егер сені біз түсінбесек, кім түсінер екен! Сен немене, мені айтпағанда, мысық пен қожайын әжейден ақылдымын деп тұрсың ба? Есірме, одан да сен үшін бәрін қарастырған Жаратушыға алғыс жаудыр! Өзіңді паналатып, есіркеп отырған айналаңдағы қауымнан көп нәрсені үйренуіңе болады ғой, бірақ сен - топассың, сенімен сөйлесудің мәні жоқ! Шындығында, мен саған қайырым тілеймін, «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады» деген бар! Ең болмаса жұмыртқалауды болмаса пырылдауды не ұшқындатуды үйренсеңші!
- Меніңше, ең дұрысы - маған басым ауған жаққа кету! – деді үйрек балапан.
- Бар, жолың болсын! – деп жауап берді тауық.
Жексұрын шөже жолға шықты. Ол жүзсе де, сүңгісе де хайуан біткен бұрынғыша оның сұрықсыздығын жаратпады.
Күз түсті; ағаштардың жапырақтары сарғайып, күрең тарта бастады; жел оларды көтеріп алып, шыр айналдыратын