tag:blogger.com,1999:blog-5752539987375233386.post4947554345305689519..comments2023-10-25T02:30:46.955-07:00Comments on elserik: Астана қаласының прокурорынаELSERIKhttp://www.blogger.com/profile/12857931024408544944noreply@blogger.comBlogger2125tag:blogger.com,1999:blog-5752539987375233386.post-71349832490344182132007-10-04T18:00:00.000-07:002007-10-04T18:00:00.000-07:00Жоғарыдағы пікірмен келісемін!Ереке, сонымен кімне...Жоғарыдағы пікірмен келісемін!
Ереке, сонымен кімнен жауап келді? Банк не деді? Сот не дейді?Асхат Еркімбайhttps://www.blogger.com/profile/13709022882475439201noreply@blogger.comtag:blogger.com,1999:blog-5752539987375233386.post-28838630666303620862007-09-24T05:18:00.000-07:002007-09-24T05:18:00.000-07:00Бұл кеселден құтылу үшін қазақтың Санасын жүйелі т...Бұл кеселден құтылу үшін қазақтың Санасын жүйелі түрде отарсыздандыру керек:

1. Өзін қазақпын деген адамның бәрі Жаратушы Аллаға қарсы шықпай, бір-бірімен тек қана қазақша сөйлесуі керек. Себебі Алла тағала адамзаттың бәрін бір тілде сөйлетуге мүмкіндігі бола тұра, әр ұлтқа - әр түрлі тіл берді. Сондықтан бәріміз қазақша ойлап, қазақша сөйлеп,өз өмірімізге қатысты кез-келген мәселені шешуде қазақша үн қосуымыз керек.
2. Өзін қазақпын деген адамның бәрі ата-бабамыз таңдаған Ислам дінін қолдауымыз керек. Себебі, Әлемдік билікке ұмтылған күштер, тек қана ислам әлемінен сескенеді. Оның айғағы — соңғы 2-3 онжылдық ішінде олардың Ислам әлемін бөлшектеу, әлсірету жолындағы құйтырқы, зымиян әрекеттері.
3. Парламентіміз Қазақ Елінің үш ғасыр бойы орыс-совет империясының отары болғанын мойындап, оның зардаптарын көрсетіп, мемлекетімізді қайта қалпына келтіріп, егемендікке 1991 жылы қол жеткізгенімізді айтып, Декларация қабылдауы керек.
Бодандықта болған уақыт ішінде өзгерген жер-су аттары, елді-мекен атауларын байырғы атауларымен атап, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру керек. Өзгермеген атаулар әлі де қазақтың санасын улап, рухын таптап тұр. Бұл өзгерістерге қарсы болғандар — қазақты осы күнге дейін құл деп санайтындар.
4. Әлемдегі қазақтың көпшілігі қолданып жүрген, кириллица негізінде жасалған, бүгінгі күнгі қазақтың үнін өзгертпей – дұрыс шығаратын, қазіргі қазақ әліпбиі — мемлекеттік әліпби болуы керек (қазақ мемлекеттігі нық орныққанша).
Қазақ елі карталары, жер-су аттары, елді-мекен аттары, көше, мекеме, дүкен атаулары, жарнамалар тек қана қазақша транскрипцияда жазылуы керек.
Қазақ Елі территориясында мемлекеттік қазақ әліпбиі кіргізілмеген бірде-бір компьютер сатылмауы тиіс. Мекемеаралық хат-хабарларда, электронды поштада, орыс тілді іс-қағаздарда да тек қана қазақ мемлекеттік әліпбиі қолданылуы керек.
Сонда ғана басқа ұлт өкілдері бізді “казах” емес, “қазақ” деп жаза алады. Себебі, орыс әліпбиіндегі жетпей тұрған 9 әріпті үйренсе болғаны, олардың үні қазақша шыға бастайды.
5. Біртұтас Қазақстан Халқының орыс тілді азаматтарына (қазақ, кәріс, неміс, украин, белорус, поляк, латыш, орыс т.с.с.) көмек ретінде қазақ тілінің қолдану ортасын күнделікті өміріміздің барлық саласында қалыптастырып, оны күн сайын кеңейтіп, дамыту керек.
- бірінші кезекте, материалдық базасы жақсы орыс тілді бала-бақшаларда тәрбиеленушілердің 70-80 % қазақ тілінде тәрбиеленуі керек, себебі қазақ бала-бақшалары жоқ болғандықтан, осы бала-бақшаларындағы бүлдіршіндердің 60-70 % қазақтар(мектептегі жағдайда тура осындай).
- құқық қорғау органдары мен армия өз жұмыстарын тек қана қазақ тілінде жүргізуі керек.
- елді-мекен, жер-су, кәсіпорын, мекеме, көше, дүкен аттары тек қана мемлекеттік әліпбиімен қазақша транскрипцияда жазылуы керек. Қаншама қаржы, жұмыс уақыты үнемделеді.
6 Үш ғасырлық бодандық құрта алмаған қазақ үні мен діні, енді Егемен Қазақ Елінде жоқ болып кетуі – Алла тағала кешірмейтін күнә екенін:

• біріншіден, бұны өзін қазақпын дейтін әр азамат сезінуі керек.
• Екіншіден, Қазақ Елінде тұратын басқа ұлт өкілдері сезінуі керек, себебі олар қаласа да, қаламаса да жыл өткен сайын қазақ көбейеді, сондықтан өз ұрпақтарын қалың қазақтың ішінде өмір сүре алатындай тәрбиелеуі қажет. Ол үшін олар қазақтың тілі мен әдет-ғұрпын үйренуге талпынады. Қазіргі Қазақ Елінде осындай ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР қалыптасып келе жатыр, оны барлық диаспоралардың, қазақ сияқты таза ойлы, қатардағы қарапайым мүшелері қолдайды, тек саясатты кәсіп еткен, шетелдік масон ұйымдарының ақшасына қызыққан, кейбір жетекшілері болмаса...
Тағы не істеу керек екенін қалың ҚАЗАҚ айта жатар...

Қазақтың санасын отарсыздандыруда, тілі мен дінін қолдауда өзін АДАММЫН дейтін әрбір азамат атсалысуы қажет.
Құдай қолдайтын бұл істе оппозиция да жоқ, билік те жоқ, бәріміз – БІР САПТА болуымыз керек.?????https://www.blogger.com/profile/16846808657968583465noreply@blogger.com