Жас мемлекет үшін тактикалық тірлікте маңыздысы - орнықты экономиканың қалыптасуы болса, ал стратегиялық салада жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі басты назар аударатын жайт. Өйткені, аз ғана уақытқа экономикалық жағынан тәуелсізденген мемлекет өзінің жас ұрпағының білігі мен азаматтық деңгейіне сүйеніп қана өз егемендігін одан әрі баянды ете алмақ. Әйтпесе, экономикасы шикізаттың күлі, халқы шетел мамандарының құлы болып шыға келетіні айдай анық.
Жас ұрпақтың білімі елдегі жалпы білім беру мәселесіне тікелей байланысты. Осы жағынан Қазақстанның қазіргі жалпы білім беру жүйесін ішінара сөз етсек, оның өз бейнесі қалыптасқан, тұлғасы нығайған жүйе екеніне шүбә келерліктей жағдайларға кезігеміз. Бұған басты себептер ретінде елдің экономикалық дағдарыстан шыққанға дейінгі білім беру жүйесіндегі алуан түрлі алас ұруды, яғни, тыңғылықты түрде дәйектелген оқу мен тәрбиенің мемлекеттік деңгейдегі программасының болмағандығын, керісінше, Білім беру министрінің ауысуына байланысты білім жүйесінің де «көңіл күйі» сан құбылғанын, білікті басқарудың болмағандығын мойындауға тура келеді.
Қазіргі кезде ел экономикасы белгілі бір деңгейге көтерілгенімен, білім беру жүйесінің көңіл көншітерліктей сиқы бар деуге ертерек. Қазақстанның жалпы білім беру жүйесіндегі қазіргі басты сырқаты – мектеп ғимараттарының жеткіліксіздігі не күрделі жөнделмей жатқандығы мен материалдық базаның нашарлығы емес, ең алдымен білім жүйесінің сапалық жағын қамтамасыз етерліктей жағымды және оңтайлы ауанның жоқтығы. Ашып айтсақ, қазіргі жалпы білім беру ошақтары жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге алаңсыз көшкен қасиетті шаңыраққа айнала қойған жоқ; ең әуелі мұғалімдердің сапасыздығы мен парақорлықтың адам төзбес деңгейге көтерілгендігі болып отыр. Мәселе – мектептердегі мұғалімдердің парамен қызметке алынуында және балалардың есепсіз қаржы айналысына куә болуында. Демек, Қазақстанның қазіргі жалпы білім беру жүйесі кәсіпқой ұстаздық деңгейін тәрк ететін, әсіресе қазақ мектептерінде тарап отырған қызметке қабылданудан бастап, бүкіл мектеп өмірін жайлаған репрессиялық-парақорлық тәсіл аласталатындай бас қатыратын уақыт келді.
Біздің бұл пікірімізге қарсы дау айтылатыны түсінікті, ол қоғамда орныққан кез келген жағымсыз жүйенің қорғанышы екені рас. Мәселен, қазіргі кезде «қолбала» ата-аналар комитеті арқылы әр нәрсеге ақша жинау, оның есебін бермеу – мектептерді жайлаған жағымсыздық екені рас және бұдан ада санаулы ғана, оның ішінде орыстілді мектептер болуы мүмкін. Тағы бір айтатын нәрсе, мектепте жұмысқа тұру да парақорлықтың төркіні екені тағы рас. Демек, рухани пәктіктің ошағы болуға тиіс мектептеріміз қоғамның қас жауы болып табылатын парақорлықтың жас ұрпағын әзірлеп жатқандығын кім жоққа шығарады? Ал, бұған сапасыз мұғалімдердің жұмысқа қабылдануын қайда қоямыз? Сөйтіп, көп жағдайда мектеп ауқымына сай директорат негізінде «қағанаттың» қалыптасып отырғандығы рас. Директордың мұндай қаған дәрежесіне көтерілуіне оның өзін кінәлау негізсіз, бар мәселе қазіргі мемлекеттік білім жүйесінде.
Аталмыш тақырыпқа талғажау болатын тағы бір нәрсе – білім-тәрбие жұмысының шаруашылықпен шатасып жатуында. Тіпті, жоғарыдағы паралық жүйенің дамуына да осы жайт жағдай жасап отырғаны жасырын емес. Сондықтан жалпы білім беру жүйесіндегі осы былық пен шылыққа нүкте қоятын мезгіл жетті деп ойлаймыз және соған орай өзіміздің пікірімізді ұсынамыз.
Қазіргі кезде мектеп директоры шаруашылыққа да, білім-тәрбие жұмысына да басты жауапты болып табылады, біздің ойымызша директорды мұндай супержауапкерліктен құтқарып, оған тек қана мектеп менеджері ретіндегі мәртебені қалдырған дұрыс. Басқаша айтқанда, директор мектептің барлық материалдық жоқ-жітігін қымтаушы және ұйымдастырушы болумен шектеліп, бұл мамандарды арнайы түрде мектеп менеджері ретінде қысқа мерзімді курстарда даярлап шыққан дұрыс. Сөйтіп, мектептің барлық жоқ-жітігін ата-ананың қалтасынан әлгі менеджердің мойны мен бюджетке артқан ләзім. Мектептің табыс-шығыны барынша мөлдір болуы үшін директор оқу жылының басында және соңында ата-аналардың жалпы жиналысы мен білім беру департаменті алдында толық есеп беріп отыруы керек. Алайда, мектеп менеджері білім-тәрбие ісіне кесел келтірмейтіндей дәрежеде, мектеп шығынының бюджет қамти алмайтын бөлігін қосымша шаруашылық арқылы табыс табуына еркіндік берілгені жөн.
Ал, мектептің басты міндеті саналатын білім-тәрбие мәселесі қазіргі «оқу ісінің меңгерушісі» секілді дүдамалдау аталып жүрген кеңестік лауазым иесіне толық беріліп, ол білім-тәрбие менеджері аталғаны дұрыс болар және де бұл лауазым иесін Білім беру департаменті бекітіп, ал мектеп аясында білім-тәрбие менеджерінің ықтимал кандидатурасын ата-аналар кеңесі ұсынғаны жөн болар еді. Өйткені, ұрпаққа білім-тәрбие беру міндеті заң бойынша ата-ана мен мемлекетке тең бөлінгендіктен, бұл лауазым да осы тараптардың тең қатысымен жүзеге асқаны мақұл. Бұндай жағдайда білім-тәрбие менеджері мектепті мұғалімдермен қамтамасыз етуді де өз мойнына алғаны жөн, сонда аталмыш лауазымның мәртебесі де, мәні де шаруашылық менеджерінен артық болып шығады да, мектептің басты мақсаты болып табылатын жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің кедергісіз орындалуына жол ашылады.
Бір қызығы қазіргі жалпы білім беру жүйесінде тәрбие беру мәселесі бұлыңғыр түрде анықталған, тіпті, бұл міндет білім беру департаменттерінің атауларынан да түсіп қалған. Бәлкім, департаменттерді «білім беру» емес, «білім-тәрбие» беру анықтауышымен міндеттегеніміз барынша әділетті болар. Сонда ғана білім беру жүйесіндегі «тәртіпсіздіктер» жойылар деген үміттеміз. Қысқасы, еліміздің білім беру саласы өзінің бағдарын толығымен жас ұрпақты білім-тәрбие беруге бұратындай тұжырымдамаға негізделген реформаға кірісуі тиіс деп ойлаймыз.
Қазақстанның білім беру саласында қоғамның назарынан тыс қалған іргелі мәселе бар, ол - тілдік білім (языковое знание). Тілдік білім соңғы кезде ғана біздің қоғамға дендей бастаған ұғым, оның мәні адамның игерген тілі бойынша сіңірген білімі деген сөз. Егер де елімізде 400 мыңнан астам қазақ баласы өзге тілде білім алып жатса, олардың ана тіліндегі тілдік білімі мақұрым деген сөз. Бірақ мәселе мұнда да емес, мәселе елімізде мемлекеттік (ұлттық, этностық емес) мектеп сипатының әлі күнге құралмағандығында. Мұның мәні не? Мәселен, Ресей мен Қытайдағы мемлекеттік мектептер сәйкесінше орыс және қытай тілінде орта білім беру ошақтары мойындалған және қалған тілдегі мектептердің барлығы да этнос тілінде шектеулі түрде тарих пен әдебиетті ғана оқуы мүмкін, ал қалған пән бойынша әлгі мемлекеттік тілдегі білім беру қолға алынған. Тіпті, өзіміздің өзбек ағайынның елінде де осы жүйенің қолға алынғанына бірнеше жылдың жүзі болып қалды. Бұл сондағы біздің қазақтар үшін кемсіту болмаса ұлттық тілінен ажырату секілді болып көрінгенмен, шын мәнінде Өзбекстан үшін өзінің мемлекеттілігін нығайту жолындағы халықты біртұтастандыру және мемлекеттік орта білім беру арқылы азаматтарды ұлтына қарай болашақ құқығынан айырмаудың жолы болып табылады. Ал, бізде жағдай керісінше, Қазақстанда мемлекеттік мектептер емес, өңкей этностық мектептер ғана: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, дұңған орта мектептері болып кете береді. Тіпті, Алматы облысында кейбір ұстаздың бекітусіз этнос тарихын оқытқаны да сөз болғаны бар. Демек, бұл үй ішінен үй тігу емес, бір үйдің ту-талақайын шығарып, бірнеше үй тігуге ұмтылу деген сөз.
Алайда, аталмыш мәселені бұдан бірнеше жыл бұрын министр болған Күлекеев мырза қолға ала бастағаны бар, ол Білім беру министрлігі алдына пәндердің белгілі бір бөлігін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыту мәселесін қоя бастап, этностық мектептерден мемлекеттік мектеп үлгісін жасауды енді қолға ала бастағанда саясаттың табалдырығына сүрінді. Оған кейбір зиягерлер өре түрегеліп, қарсы шыққаны және бар. Алайда, олар біздің аралас мектебіміздің өзі шын мәніндегі орыс ділді мектеп екенін ойларына алмайтыны әрі аянышты, әрі өкінішті. Қысқасын айтқанда, министрі жаңарған министрлік алдында мәселенің қордаланғаны сондай, оның бәрін жиып-теріп айту да қорқынышты – барымыздан айырылып қалмаймыз ба, деген баяғы қазақы проблема туады! Алайда, сол қазақтың «Шегірткеден қорыққан егін екпес» дегені тағы бар... Әрине, бұған жалғыз министр болып емес, қоғам болып жұмылатын шара керек.
вторник, 24 июля 2007 г.
ҚАЗАҚТАНУ
Этноәлеуметтік сараптама
Халқымыздың болмысын тануға және танытуға арналған «Қазақтану» аталатын тақырып арқылы кәзіргі кезде қазақ халқы одан әрі даму үшін ең әуелі өзін өзі тануын қамтуы тиіс деген тұжырымды жария ете отырып, сонымен бірге Қазақстан мықты мемлекетке айналуы үшін елдің әркелкі халқының біртұтастануының маңыздылығын қоғамға сіңіру айып емес. Бұл үдеріс әркелкі қазақстандық халықтың әуелі қазақтану үдерісін бастан өткізуімен маңызды. Сондықтан да айтылмыш үдерістердің жүзеге асуы барысында қазақты тану да, қазақтану (замани қазақ болу) да өзекті.
Дегенмен, замани қазақтану үдерісі қазақ үшін де, қазақ еместер үшін де маңызды. Алайда, қазақ еместер үшін «қазақтану» үдерісі қазаққа сіңу деген ұғыммен шендеспегені мақұл. Қазақ еместер үшін олардың қазақты сыйлап, тілін үйренуге қорсынбауы, яғни қазақ халқын менсінуі бірінші кезектегі қадам болмақ. Ал, қазақтар үшін қазақ болу дегеніміз - кешегі көшпелі қазақтың ұрпағы ретінде ұялмау, өзін өзі қорсынбау және тарих пен тілді, салт-дәстүрді құрметтеп қана қоймай, соны бүгінгі заманның әжетіне жарата білу міндеті қойылмақ. Болашақ мемлекеттік саясатқа айналмақ бұл ұлттық идея іске аспас бұрын, қазақ халқын тану мәселесі алғы шарт ретінде күн тәртібінде қойылуы қыйсынды.
Қонақжайлық пен құлдық
Әрине, әлемдегі қай халық та өзінше қонақжай. Бірақ қазақтың қонақжайлығы айырықша, бұл халықтың аталмыш қасиетіне қарап, өмірге қонақ үшін келген бе деген сан алуан ойларға барасың. Қазақтың бұл кейпі шынында да, тереңірек қазуға тұрарлық тақырып. Сондықтан да ат басын осыдан бастауды жөн көрдік.
Кез келген құбылыстың бастауы бар, қазақтың қонақжайлық құбылысы да осындай бастаудан тұратыны сөзсіз. Алайда, тап басып айта аламыз ба, жоқ па, оны оқырман бағамдар, ал біз не де болса, тәуекел етіп, қазекеңнің осы бір «Ас та төк!» деген ұранға бергісіз дәстүрі қайдан бастау алады дегенге алаңдай бергеніміз рас.
Қазақтың қазырғы қонақжайлығы дәстүр болып табылады, ал дәстүр кез келген халықтың етенелік (этникалық) сыйпаты. Егер де ұлттық дәстүрді сақтамасаң, онда бәрібір басқа дәстүрді тұтынатының рас. Алайда, кез келген ұлттың дәстүрі бірден дәстүрлік деңгейге көтеріліп, орныға қалмайды, оның бірнеше орнығу сатылары бар. Қазақтың қонақжайлығы да сол сатылардан өткен етенелік дәстүр.
Етенелік дәстүр өз бастауын о бастағы сенім мен діни жоралғылардан алады. Осы тұрғыдан алғанда қазақы қонақжайлық та діни жоралғыдан құралақан емес. Қонағын «аулап» жүріп, отбасына әкеліп, барын беру дәстүрі қазақтарда о баста қалай пайда болды деген сауал туындауы қыйсынды. Бұл сауалға жауапты біз де қазақ халқының ежелгі сенімінен іздеуге тарихи құқымыз бар.
Біздің пайымымыз бойынша бірнеше мың жылдық тарихы бар қарымта қайыру (карма) немесе құрбандық беру ілімі тек қана үнділерге тән деуге келмейді. Сірә, қазақы сенім, о баста дінге айналмай тұрып, бірақ ырымдық ілім (діни ілімдердің алғы легі) ретінде жыйнақтала келе, тәңірлік ілім жүйесін жасақтаған алғашқы монотеистік наным-сенімнің бастауынан нәр алған деуге негіз бар. Жалпы, қазыр біршама талас тудырып жүрген Тәңірлік сенім жүйесінің дін екенін мойындау оңай емес, ең бастысы, оның әлемдік монотеистік жүйенің алғашқы көрінісі мен ілімдік жүйесі ретінде тануда болар. Осы тұрғыдан қарасақ, қазақтың қонақжайлығы әлгі тәңірлік жүйеде қандай көрініс тапты деген сауалдың туындайтыны да дұрыс. Егер әлдекімнің асты-үстіне түсіп, жайылып жастық, төселіп төсек болумен қатар, белгілі бір шығынның шығатынын ескерсек, қазақтардың бұл әрекетінде шынында да, о бастағы діни ілімнің жұрнағы жатқанына еріксіз мойын бұруға тура келеді. Өйткені, өзін айтарлықтай шығынға ұшырататын әрекетке мұнша құмар болатындай көшпелі жұртқа ақылсыздық көзі ретінде қарауға ешбір негіз жоқ.
Құрбандық заңдылығын ғарыштық жеті заңның бірі ретінде «Ақ сарбаз» кітабында (Алматы, 1998ж) ашып көрсеткен Жиһан Желтоқсан мұны ғарыштық деңгейдегі үйлесімнің кепілі ретінде қарастырады. Шынында да, есте жоқ ескі замандағы ырымды адамның ойдан шығарғаны деп қабылдау қыйсынсыз, бәрінен бұрын бұл мистикалық сананың абыздық ілімдерді қабылдап сіңіру үдерісінен туындаған жайт болса керек. Ендеше, о баста Жаратушының кәдесіне жаратқан құрбандықты көшпелі қазақтар оның жердегі «көлеңкесі» ретіндегі пенделеріне беру арқылы Жоғарғы күштің батасын алу немесе жыйнақталған қарымдық берешекті қайтару арқылы карма мәселесін шешудегі ілім есебінде қабылдағандай сыңай бар. Демек, көшеген жұрт о баста материалдық игіліктен гөрі сенімдік құндылықты қасиет тұтқан және батаны Құдретті ниетті жандандырушы ақпарат ретінде мойындап, құрбандықпен тіленген ниеттің ғана материалдану күші бар деп сене отырып, өмірге жаратқан. Сөйтіп, «бар тапқанын жұртқа шашудың» арғы жағында Жаратқанға жағыну жатқанын амалсыз мойындатар жағдай осы. Бұл ілімнің жер бетіне кеңінен таралғанын қазырғы кезде қол жайып садақа алып, бата беретіндердің молдығымен О бастағы адамзаттың көшпелі бөлігінен бастау алған ілімнің көптеген діндерге негіз болғанын аңдаймыз.
Алайда, кез келген етенелік дәстүрдің өз деңгейіндегі тұтынымы бар да, оның мейлінше кереғарлыққа ұшыраған нұсқасы да бар. Осы жағынан алғанда, Жаратқаннан бұйырған несібені үлестіру мен қонақжайлықтың арасында үлкен айырмашылық бар. Қазырғы кезде қазақтардың қонақжайлық есебіне жазып жүрген өзгеге жайылып төсек болуы мен асыра құрметі шын мәнінде қасиетті ілімді қадыр тұтудан деуге болмайды. Қазақтардың өз елінде өзгеге қожайын болуға қымсынуын қонақжайлық емес, соңғы ғасырларда сіңген құлдық мінезді қымтауға жатқызған дұрыс. Кәзіргі қазақтар өз елінде «айтулы» да ретсіз қонақжай болу арқылы өздері қонаққа айналып бара жатқандығын байқайтын уақыт келді. Ал, бұл Жаратқаннан бұйырған несібені рәсуә етумен, яғни Жаратқанның қаһарына ұшыраумен тең жайт. Жалпы, құрбандық принципі барыңды құрбан етуге арналған үдеріс емес, ол қонағың арқылы Жаратушыны риза ету, яғни қонақтың батасы арқылы оның жағымды ниетін Көктің назарына тартумен өзінің Жаратқанға деген іңкәр ниетін сездірту арқылы ауыр ахуалды жеңілдетуге мүмкіндік алу болып табылады. Бұл әрбір титімі есепте тұрған ғаламдық заңдылықты қазақтардың бұлжытпай орындау дәстүрінен қалыптасқан заңғойлық (законопослушность) еді. Ал, шексіз қонақжайлық әлдебіреуге тәуелдікті болмаса оған деген құлдық кейіпті таныту, әлгі пендеге құлдық ұру ғана болмақ. Сондықтан, әлдекімге құлдық ұру мен қонақжайлықтың арасы жер мен Көк арасындай екенін ұғатын уақытымыз келді.

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІНДІК МЕҢГЕРІМ
Біздің қоғамымызда саяси реформалауға байланысты шынайы реформалау ниеті мен оны қасақана боямалауды қамтыған пікірталас бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Алайда, бұлардың арасында әлгі саяси реформаның бір бөлшегі болып табылатын «Местное самоуправление» (МСУ) ұғымының шын мәнін түсінбей далақтаушылар да жетіп артылуда. Мәселенің мәнін аша түсу үшін осы ұғымға тереңірек көз жіберейік.
Әдетте қазақ тіліндегі ғылыми сана дамымағандықтан, кейбір терминдер тілімізге де, елімізге де бұрмаланған күйінде енуде, соның бірі - «правление» мен «управление» ұғымдары. Әрине, орыс тілінің бұл сөздері бір біріне өте жақын болғанымен, қолданылуына орай айырықша мағыналары бар: правление – басқарым болса, управление - меңгерім. Бірақ, орыс тілінде бұл ұғымдар бірін бірі қуалап кететін жақтары жоқ емес. Осыдан келіп, «государственное местное управление» шығып жүр.
Жалпы алғанда басқарымға негізінен тігіңкі бағыныс, ал меңгерімге көлденең бағыныс тән екенін ескерген жөн; басқарымға басқарылатын белгілі бір нысан (объект) және басқаратын субъект жатса, ал меңгерім жағдайында объект мен субъект бірігіп кететіні бар. Басқарымға әдетте бір біріне бағынышты жоғарыдан төмен бағытталған иерархиялық саты тән де, ал меңгерімге жалпыдан жалқыға бағытталған ықпал сипатты болып келеді. Сондықтан да соңғы ұстаным жергілікті жұрттың өзін өзі меңгеру құбылысын жүзеге асыратын бірден бір құрылым ретінде демократияның басты бөлшегі танылып отыр.
Биліктің осы екі тұрқын жеке тұлға жағдайында қарасақ, бір адам екіншісін басқаруы мүмкін болса, ал адам өзін өзі меңгеруге (алып жүруге, ұстауға) қабілетті болуы тиіс. Осы жайтты халық пен мемлекет деңгейіне шығарсақ, басқару мемлекеттік органдарға, ал меңгерім халыққа тән болып табылмақ. Сөйтіп, бұдан халықтың өзін өзі басқаруы (өзіне өзі билеуі) емес, меңгеруі қисынды. Сонда, жұртшылықтың өзін өзі меңгеруіне меңзейтін «Местное самоуправление» дегеніміз - қазақша «жергілікті өзіндік меңгерім» (ЖӨМ)болып шығады.
Қазырғы кезде елдің қалалық мекендерінде ЖӨМ нышандары пәтер (гараж) иелерінің кооперативтері т.б. секілді құрылымдармен көрініс беруде, алайда, бұл толық мәніндегі ЖӨМ деуге келмейтін үлгілер. Ал, ауылдық жерлерде ЖӨМ-ді атымен жоқ деуге болады. Әрине, кейбір ауыл әкімдерінің ұйытқысымен ақсақалдар алқасы секілді құрылымдар бар, бірақ бұл да құзыры бұлдыр жасанды жайттар. Мұндай нышандардың Кеңес билігі тұсында да болғандығын ескерсек, бұл саладағы қазырғы күйіміздің тоқыраңқы екендігі көзге ұрады.
Жалпы демократия жағдайындағы қоғам ЖӨМ-ді елді басқарудың бір бөлігі ретінде танып, оны халық билігінің басты іргетасы деп есептейді және демократияның басты ұстындарының біріне балайды. Осы жағынан алғанда, мемлекет билігі геометриялық айқыш (крест) таңбасында сипатталады: тігіңкі сызық – мемлекеттік басқарым да, көлденең сызық – жергілікті меңгерім. Осындай сипатқа негізделмеген мемлекеттік құрылым адамзаттың соңғы кезеңіндегі тұрақсыз және осал әрі диктаторлық сипаттағы ел билеуге тән болып мойындалатыны рас. Бұған әлгі тепе-теңдік сақтайтын көлденеңсіз, тігінен шаншылған жалғыз сызықты елестету арқылы да көз жеткізуге болады. Демек, ЖӨМ құрылымы демократияның басты сипаты ғана емес, мемлекеттің іргетасын бекітетін шемендеуші (цементирующий) фактор да.
Демократия дамуын ілгерілеткен елдердің бәрінде бірдей ЖӨМнің қалыптасуы бірдей емес. Осы жағынан алғанда ЖӨМ-нің басты үш түрін анықтауға болады:
- мемлекеттік құрылымнан мүлдем бөлектенген;
- ЖӨМ-нің қызметін атқаратын жергілікті мемлекеттік басқарым;
- жергілікті мемлекеттік басқарымға кіріккен ЖӨМ.
Алайда, мұның барлығына ортақ жалғыз талап – жергілікті жұрттың өздеріне тән мәселелерін өздері толық шешетіндей меңгерімнің болуы. Қазақстанда бұлардың кейбір белгілері болғанымен әзірге толыққанды ЖӨМ қалыптасқан жоқ. Өз беттерімен төл мәселелерін шешіп жатқан жергілікті әлеуметтік құрылым жоқтың қасы: қалалардағы ПИК–тер қала әкімдеріне тәуелді, тұрғындардың әжетіне жарамай отыр, ал ауылдарда мұндай құрылымдар не атымен жоқ, болса қарабайыр түрде ғана, мысалы, ауыл тұрғындарының жеке малын бағуды ұйымдастыру секілді көлемде. Ал ауыл әкіміне ғана табынған тұрғындар оның жергілікті мемлекеттік басқарым екенін және ауыл тұрғындарының өздері шешуге тиісті мәселелер оның құзырында жоқтығын да білмейді. Сөйтіп, ЖӨМ мәселесі қазыр барлық жерде маңызды ретінде күн тәртібінде және оның жоқтығынан кейбір түкке тұрғысыз мәселелер ушығып та барады; жұрт болса жаппай мұсалдаттық санаға ұрынуда.
ЖӨМ–ге қажетті басты алғышарт – жергілікті жұрттың төл мәселелерін өздері шешуге, өз тірліктерін өздері меңгеруге жарайтын санасы мен белсенімінің барлығы. Мұндай белсенім мен сана болмаған жағдайда, мемлекеттік билік тарапынан ойдан шығарылған ЖӨМ құрылымдарының қайсысы да пайдаға аспастан, оның қалыптасуына кедергі болмақ.
Әрине, қазақ халқының тарихында ЖӨМ–нің болғандығы былай тұрсын, ол жоғарыда аталған ЖӨМ-нің қызметін атқаратын жергілікті мемлекеттік басқарым күйінде болды, әр ауыл өз өмірін өзі меңгергенін былай қойғанда, қажет жағдайда мемлекеттік іргелі істерді шешуге тікелей араласып отырғаны белгілі, мұны әр рудың әр ауылы соғыс жағдайында сарбаз бен сардар шығарудан көреміз. Ал, қазыр әрбір ауыл өз әкімін сайлауға қатысқанымен, оны таңдауға толық мүмкіндігі жоқ. Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығында құлдық сана қалыптастырған қарттарымыз бүгінде ауыл ақсақалы кейпінде емес екені тағы белгілі, ауыл тірлігін ұйытып отырған қарияларымыз азын–аулақ болғанымен, оларға заң жүзіндегі болмаса ресми түрдегі құрылымның өкілі деп қарай алмаймыз, демек біздегі ЖӨМ–нің қазырғы алғышарты да соншалықты кері кеткен.
ЖӨМ–ді қалыптастыруда жергілікті жұрттың қазырғы ахуалы мен санасын, қоғамдық дәрменін зерттемей, олар үшін жоғарыдан ЖӨМ құрылымын ойлап шығару да ахуалды тіптен кері кетіруі әбден мүмкін. Ал, ОБСЕ алдында беделді болуды ғана мақсат етіп, ойыншық ЖӨМ құрумен айналыссақ, онда бұл ел алдындағы нағыз абыройсыздық пен тарих алдындағы барып тұрған жәдігөйлік болмақ. Сондықтан бұл мәселені ең әуелі «саяси бюро» үшін емес, халқымыз үшін қолға алған жөн.
Бізге қандай ЖӨМ керек? Жоғарыда аталған ЖӨМ–нің қайсысы бізге тиімді және сіңімді. Бұған дейін ЖӨМ–нің мемлекеттік құрылымнан мүлдем бөлектенген түрі ұсынылған еді. Алайда, ЖӨМ–нің бұл сияғы (аналогы) үшін қазақ контингенті даяр емес. Әсіресе, ауылдардағы ауыл әкімдігі мен әлгі құрылмақ ЖӨМ–нің қатар жасауын елестетудің өзі ауыр. Бір ауылдағы әкім мен ЖӨМ төрағасының тайталасын елестетіп көріңізші! Бұған дейін ең болмаса ЖӨМ–нің қарабайыр түрі қалыптаспағандықтан, бұл құрылым аса сырқаулы түрде жүзеге асып, одан ешкім де ұтпауы ықтимал. Оның үстіне бұл құрылым жергілікті мекендерде шынайы талқыланып жатқан жоқ. Ал, ЖӨМ-нің қызметін атқаратын жергілікті мемлекеттік басқарымды енгізу де біздің ділімізбен келісе қоймайды. Барлық сайлау міндетін атқарып отырған жергілікті әкімдіктер бұдан былай жұрт атынан шешім қабылдай беру қаупі туындайды және бұқараға өз сөзін айтқызбай, талай қитұрқыға барып, ЖӨМ–ді қолбала етіп ала қоймақ. Сөйтіп біздің еншімізде соңғы сияқ – Жергілікті мемлекеттік басқарымға (ЖМБ) кіріккен ЖӨМ–ді таңдау қалады. Бұл дегеніміз – қазырғы ауылдық мәслихаттар мен әкімдіктерді түбірімен қайта құруға итермелейді. Шын мәнінде ЖМБ–ның бұл нұсқасы қазыр мемлекетті де, жергілікті жұртты да жарылқап отырған жоқ, бұған түрлі объективті себептер бар екені белгілі. Сондықтан ауыл көркі ешқашан да еңсесін көтере алмақ емес, оның басты құрылымы өзінің айқын келбетіне ие болмайынша. Ауылдық төңірек (округ) мәслихаты туралы сөз айтып та қажет емес, өйткені, оның бар–жоғынан ешкімнің қылы қыйсаймайды. Елдің төменгі деңгейіне басқарым мен меңгерім құрылымдарын өзгерту арқылы халықтың сапалы түрде басқарылуын және мемлекет қауіпсіздігін нығайтатын ғана нұсқа керектігі белгілі. Демек, қоғамға ЖӨМ-ді енгізу арқылы мемлекеттік басқарымға өзгеріс енбейді емес! Осыны ашық айтып, мемлекеттік басқарудың қандай бөлігі халықтың өзін өзі меңгеруіне көшуі тиіс деген мәселенің де бет–ажарын ашып алған дұрыс. Сондықтан ЖӨМ туралы бір бөлек әңгіме немесе бір түлік мәселе деп қарау әбден дұрыс емес, бұл елді демократияландырудың кешендік саясатының бір бөлшегі ретінде іс жүзінде де қаралуы керек. Осы жағынан алғанда әкімдерді жаппай сайлау қазырғы сайлау құрылымы арқылы елді демократияландырады деген жайт та қияли әңгіменің бір ұшығы болып табылады.
Біз реформа мен революцияны кейде шатастыратын жағдайға келіп жүрміз. Осы реттен қарағанда, әкімдерді сайлай салу және ұсынылып отырған ЖӨМ құрылымын енгізе салу елді демократияландыру саясатынан гөрі, большевиктік революцияның бір нұсқасы болып табылатындығын ескеруіміз керек. Большевиктік революцияның мәні сол – одан қаншалықты пайда мен зиян бар деген басты сауалға жауап алдын ала ізделместен, революциялық қадамды көз жұмып жүріп істелуінде! Осы ұстаным бойынша, ЖӨМ–нің ресми жобасын енгізе салып, әкімдерді сол әкімнің араласуымен тағы да «сайлай» салғаннан кім не ұтады? Ешкім де! Әсіресе, халық жалған ЖӨМ–нен жүндей түтіледі, «сайланып» тағайындалған әкімшелер бұрынғы қалпынан да жұрдай болады.Ал, билік халық алдындағы абыройсыздануын үстемелей түседі. Сондықтан да Қазақстан жағдайында елдің төменгі деңгейіндегі билікті халық мен мемлекет тең бөліскені дұрыс. Айталық, ауыл мәслихаты мен әкімі (бәлкім, оны «төре» деп атауға болар) ЖӨМ–нің құрылымы болуға лайық, барлық құрамтасы бар: аумағы, жұрты, әлеуметтік әлеуеті мен мүлкі. Алайда, заң жүзінде әкім мен оның хатшысы мемлекеттік қызметкер болу арқылы мемлекеттің жергілікті басқарымға сәйкес ішінара міндеттерін (азаматтық хал актлерін, төтенше жағдайлар мен мемлекеттік мекемелер қызметін үйлестіру) атқаруға заң жүзінде міндеттелінуі мүмкін. Сонда ауыл әкімі аудан әкімінің қол баласы емес, ауыл мүддесін басты қорғаушы әрі мемлекеттің ауылдағы басты тұлғасы болып табылмақ. Бұл құрылым әлгі бір біріне жауыққан жасанды құрылымдардың туындауына жол бермейді, барымызды нығайтуға мүмкіндік туғызады. Ал, бұл мәселені қалалық мекендерде бірнеше маңайлар (городские районы) мен микроаудандарды біріктірген аумақтық ЖӨМ–дерді енгізу арқылы шешуге болады. Сонда ЖӨМ төресін мәслихат сайлайды, ал мәслихатты жергілікті жұрт сайлайтын болады. Бұл бәлкім, өтпелі кезең үшін және ЖӨМ–нің толық қалыптасуына қажетті құрылым болуы ғажап емес, тіпті, сол күйінде орнығып қалуы да мүмкін. Мұндай ЖӨМ–ді орнықтыруда қолға алынып отырған әкімдерді жаппай сайлауды кейінге қалдыруға болады. Өйткені, бұл сала да реформалауға жатқызылуы тиіс маңызды жайттарды туғызып отыр.Ол жайында реті келгенде бөлек сөз қылармыз.
P.S. Бұл идеяны қазырғы кезде жаңа дей алмаймыз, өйткені, Үкіметтің жобасында да жергілікті басқарымды ЖӨМ-ге айналдыру жобасы пайда бола бастады. Алайда, біздің бұл жобамыз бұдан бірнеше ай бұрын веб-сайттарға жарияланып кеткені рас. Сонымен, мемлекетіміздің әкімшілік бөлінісінің ең төменгі сатысы үшін халық пен мемлекеттің біртұтас екендігін әйгілейтін және соны нығайтатын құрылымның қажеттігінен осындай ЖӨМ сияғы ұсынылып отыр.

ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫН БАУЫРЛАСТЫРУ
Мәселеге кірісу
2006 жылы елге оралушылар көшінің алғашқы легін бастаған моңғолиялық қазақтардың тұңғыш аяқ басқанына 15 жыл толды. Әлемдегі үш қазақтың бірін Қазақстанға келтіру саясатының да басталғанына осынша мерзім өтіпті. Алайда, шетелдегі қандастарымыздың үштен бірінің әзірге 10%-ын да келтіре алмай отырғанымыз рас. Егер де мемлекетін 700 мыңдық санмен құрып бастаған Израил еврейлерінің саны 50 жылда 5 миллионға көбейгенін ескерсек, біздің қазырғы қарқынымыздың төмен екеніне көз жетеді. Өйткені, 1949 жылдан бері соғысып келе жатқан израилдық ебірейлер 10 жыл сайын бір миллионға артса, біз сол межені игере алмай келеміз. 15 жыл ішінде шеттегі қазақтардың бар болғаны 565 767-сі келтірілген. Бұл мәселедегі бір гәп – шетелдік қазақтарды отандастырудың (репатриация) әлі де жүйелек қажеттігінде.
Отандастырудағы атау мәселесі
Кез келген істің нәтижесі оның басына байланысты, ал істің басы оның атауынан тікелей көрініс береді; біз шетелдік қандастарымызды отандастыруды оларды «оралман» атаумен бастадық. Әрине, кез келген үдеріс белгілі бір терминмен атқарылатыны рас, сондықтан тілімізге жат «репатриант» сөзін қазақшалауға талпынғанымыз да дұрыс. Алайда, тіл заңдылығын бұзып, туындатқан терминнің қандай құны қалмақ? Әдетте қазақ тіліндегі «ман», «мен» жұрнақтарының оқыр, көрер, шабар түріндегі етістіктерге жалғану арқылы (оқырман, көрермен, шабарман) жаңа сөз жасалады, ал, «оралман» бұйрық райлы «орал» етістігіне жалғанып, тілдің сөзжасам әлеуетін бұрмалап тұрғаны өз алдына, бұйрық райлы етістікке «ман» журнағы тіркелу арқылы кері мағыналы бірінші жақты етістік аламыз: оралман – «оралмаймын» (сол секілді «барман», «келмен», «жүрмен» деген ауызекі тілдегі диалектілік сөз сияқтары) дегенді білдіреді. Қазақ тілінде мұндай сөзжасам үлгісі жоқ, сондықтан да бұл термин шетелдік қазақтарды мұқатқандай қабылдануы заңды. Ал, тілдің өз заңдылығын сақ, «оралар» етістігіне «манды» жалғау арқылы шұбалыңқы «ораларман» сөзі туады да, ол да сіңісе қоймас еді.
Ресейдің бұрынғы КСРО аумағындағы орыстарды «отандасымыз» деудің арғы жағында жаңа тәуелсіз елдерді бұрынғы Ресейдің қарамағында болғандығына меңзеу жатыр және бұған орыстардың моральдық әрі тарихи құқы да бар. Ал біз Қытайдағы болмаса Моңғолиядағы қазақтарды «отандас» дей алмаймыз, өйткені, ол елдер біз үшін отан емес, әруақытта шетелдер болып табылады, ал ондағы қазақтар бізге бауырлас, қандас қана. Демек, шетте қалған бауырларымызды ресми түрде «БАУЫРЛАС» (орыс және шетел тілдеріне «баурлас» түрінде транслитерациялау керек) атаудың реті бар, бұл салада тағы да ресейге еліктеудің қажеті жоқ.
Мәселенің тұжырымы
Енді мәселенің тұжырымдамасына келейік. Шетелдік қазақтардың мүддесі мен Қазақстанның өз алдына тәуелсіз мемлекет ретіндегі саясаты жымдастыра жүргізілмегендіктен, кей жағдайда аталмыш үдеріске ішкі қазақтар (мұндағы «ішкі» және «сыртқы» ұғымсөздері ежелгі қыпшақы терминдер, мысалы «Дешті қыпшақ» – «тысқы қыпшақты» білдірген) тарапынан алакөздік пайда бола бастады. Өздері әлеуметтік жағынан мәселелері шешілмеген ішкі қазақтар сыртқылардың келуіне деген кейбір наразылық көрініс беріп жүр. Бұл жағдай бір қызығы өз жеріне талай жұртты жинағанда «қыңқ» демеген қазақтың бойынан табылуда. Демек, аталмыш саладағы мемлекеттік саясатты өзгерту керек деген сөз. Ал, әрі араптармен соғысып, әрі шеткі ебрейлерді қабылдап жатқан Израил халқына неге мұндай жатырқау тән емес? Мәселе – аталмыш процестің бүге-шүгесіне дейін есептелген сауатты идеология жүргізуде болып тұр.
Қазақстанның шеткі қазақтарды қабылдаудағы ісінде не жетпеуде, ең бастысы - тиянақты тұжырымға негізделген жүйе жоқ! Қазақстандағы бұл сала бойынша қабылданған басты шара шетелден келетін қазақ жанұяларына бірмәртелік жәрдемақы мен баспана сатып алуға квотамен бөлінетін жеткіліксіз қаржы. Мұның өзі жемқорлықтың нысанына айналып кеткені өз алдына. Бір қызығы, бауырластардың біреуі квотаны елге келгесін алып жатады, біреулері алуына көзі жетіп барып келіп жатады, енді бірі алады да, кері қайтады. Аталмыш жұмыс барысында кім, қайдан, қашан және қанша адам (жанұя) келуі керек деген қым – қыйғаш сұрақтар жоспарлы да дәйекті түрде тиянақты қолға алынбаған. Сондықтан да тарихи отанына зарығып жеткен шетел қазақтары келген бойдан талай азаптың қамытын киіп шыға келуде.
Не істелуі керек еді?
Шеткі қазақтарды келтіру мәселесінде мемлекеттік демографиялық және сыртқы саясаттың бір бөлігі ретінде отандастыру тұжырымдамасы жасалуы қажет. Басқаша айтқанда, оралатын қазақтар Қазақстанның сыртқы саясатының көрінісі және демографиялық саясаттың бір бөлігі ретінде жүзеге асуы тиіс. Демек, тәуелсіз Қазақстанның сырттағы қазақтардың ахуалы жөнінде жүргізетін алуан сыйпатты жұмысы жолға қойылуы керек. Әзірге бұл салада тек қана қай мемлекетте шамамен қанша қазақ бар деген санамалық саясат қана жүруде. Тіпті, шеткі қазақтың Қазақстан елшісіне қаймықпай жолығатындай шамасы бар дей алмаймыз, себебі, шетелдегі қазақ елшіліктерінде мемлекеттік тілді білетіндер енді ғана қолға алына бастағаны тағы жасырын емес. Оның үстіне кейбір қазақтар тұратын елдерде консулдық қызметтер шалғай орналсқан немесе жеткіліксіз. Бұл саладағы мәселені толық қолға алу үшін СІМ жанынан арнайы бауырластыру орталығы құрылуы керек. Бұл орталық шеткі қазақтардың этностық, әлеуметтік және құқықтық ахуалына тұрақты монторинг жасап отыратындай және бауырластарды елге қайтарудың алғышартын жасақтайтындай мемлекеттік қауқар болар еді. Сонда шеттегі қазақтардың елге бейберекет беттеуі болмас. Сонда шетелде жүрген бауырластарымыз алдын ала қазақша жазу-сызуды үйреніп, Қазақстандағы өмірге алдын ала бейімделу курсынан шетелде-ақ өткен болар ма еді?! Бәлкім, сонда шетелдік қазақтарға арналған веб-портал мен жерсеріктік (спутниктік) телеарна құрылып, олардың шетелдерде жұтылуына алаңдамас едік?!
Мәселенің ауқымы
Оралман куәлігін алған қазақтар ішкі әлеуметтік кейбір жеңілдіктерге ие болғанымен, құқықтық қауқарсыздыққа душар болып аңтарылуда. Мәселен, оралмандар жергілікті ортаға бейімделуден өтпегендіктен, өмірге қажетті әлеуетке қол жеткізбегендіктен, Қазақстанның қауқарсыз тұрғындарының санын көбейтіп қана қоймай, кім болса соған көзтүрткіге айналуда және ұлы Отанға келгендегі аңсарлары іске аспай, өздері екінші сұрыпты адамдар тобы мен әлеуметтік әлжуаздар қатарын молайтуда. Барған сайын бұл топтың сан мен сапа жағынан қарамы толыға түсуде. Алдын алмаса, аталмыш топ қоғамдық ортадағы өз сөзін айтарлық әлеуеметтік топқа айналуы ғажап емес. Бұл мәселелерді шешуге тиісті мемлекеттік құрылым болып табылатын Миграция («көші-қон» термині де үдеріске сәйкес емес) жөніндегі комитет ең болмағанда келген шетелдік қазақтарды өз бетімен арыз жазуға үйрететіндей жұмысты қоғамдық ұйымдарды тарту арқылы да ұйымдастырғаны жөн болар еді. Жыл сайын бюджетке белгілі бір қаржы енгізіп, әлеуметтік тапсырыс арқылы қоғамдық ұйымдарға конкурспен үлестіріп, аталмыш мәселелерді шешудегі шаруа тындыру әзірге іске аспай отыр. Сайып келгенде демографиялық мәселені шеткі қазақтардың есебінен шешуге кіріскен Қазақстан өз ішінде салғырт саясаттың кесірінен тағы бір әлеуметтік-демографиялық мәселені туындатып отырғаны анық. Бұл мәселені шешуге сәйкес құзырлы құрылым құру керек.
Не істеу керек?
Сонымен, шеткі қандастарды отандастырудың қандай жолы бұл мәселені тиянақты етпек? Бұл сауал тағы да дәйекті саясат жүргізуді талап етеді. Дәлірек айтсақ, отандастыру саясаты, шеткі қазақтарды елге кемінде 3 салалы бағдарлама бойынша келтіру жолымен жүзеге асырылғаны жөн.
1. Шетел қазақ жастарын Қазақстанда оқыту бағдарламасы. Бұл іс елдің Жоғарғы оқу мекемелерінде (ЖОМ) және орта-арнаулы оқу мекемелерінде күндізгі, сондай-ақ дистанциялық оқыту жүйесі арқылы білім берумен жүзеге асыруға болар еді. Аталмыш бағдарламаны тегін де, ақылы жолмен де жүзеге асатындай мүмкіндігі болуы керек. Әсіресе, ендігі білім беру саясатының бір саласы боларлық ортаңғы-техникалық білім беру шетелдік фирмаларда жұмыс істеуге тілдік мүмкіндігі бар, шеткі қазақ жастарын келтіруді өзі сұрайтындай. Айталық, тіл мен ділді меңгерген қытайлық қазақтар тұрғанда Қытайға қазақстандық қазақтарды көптеп оқытудың сонша тиімділігі болмас. Сондай-ақ, ебропалық фирмаларға сол жақтың дайын қазақтарының бір бөлігін орналастыру да осы саладағы қызмет емес пе?
Бұл мәселеде, әрине, Қазақстан азаматтығын алуға даяр болса, белгілі бір квотаны шетелдік қазақ жастарына да бөлген дұрыс болар. Қысқасы, мұндай бағдарламамен шетелдегі ассимиляцияға ұшырауға бет бұрған қазақтарды отанға тартудың бұл бір жолы және елдің еңбек ресурсы мәселесін шешудің де бір факторы болар деген ойдамыз. Шетелдік қазақ жастарын Қазақстанға оқыту мен жұмысқа орналастыру арқылы жыл сайын кемінде елу мың бауырымызды тартуға болады. Мұның ішіндегі қомақты үлес орта техникалық мамандарға тиесілі болары сөзсіз. Сондай-ақ, Қазақстанның білім ордаларымен бірге «Болашақ» бағдарламасы аясында шеткі қазақ жастарының шетелдегі ЖОМдарда (жоғарғы оқу мекемелері) оқу мүмкіндігін де қарайтын уақыт жетті.
2. Сыртқы интеллектуалдық қазақтар әлеуетін тарту бағдарламасы. Бұл көзқарасқа түрлі салалар бойынша шетелдегі ғылым докторлары мен аспиранттар, басқа да мамандардың көзін сүзіп отырғаны рас. Селдіреген ғылыми техникалық мамандар қатарын осы бағдарлама арқылы қайта толтырудың реті бар. Бұл топқа келешегі зор өнерпаздар мен спортшыларды да қосуға болады.
3. Шетелдердегі құқықтық-әлеуметтік осалданғандарды келтіру бағдарламасы. Бұл бағдарлама Ауғанстан секілді саяси-экономикалық тұрақсыздыққа ұшырап отырған елдердегі қандастарымызға арналған. ТМД аумағында бұған Өзбекстан мен Түрікпенстанда осындай ахуал қалыптасқан. Алайда, мұндай елдерге сәйкес мәртебені СІМ (сыртқы істер министрлігі) өзінің сараптамасы арқылы беріп отыруы қажет. Ол үшін елдестеріміз орналасқан шетелдердің саяси-әлеуметтік жағына мониторинг жасау арқылы, олардан елге келтіретін қандастарымыздың санын анықтап, оларға квота белгілеу керек. Бұл топқа квотаны қаржымен белгілеуді доғарып, ауылдық жерлерден (солтұстық, орталық және шығыс аймақтардан) тұрғын үй салуға жер бөліп, ол жерлерде болашақ ауылдық коммуникация жасақталғаны жөн.
Ал, отанға келуге ниет білдірген отбасыларды үймен қамту мүмкін емес, оларға бір жылдың ішінде үй салып алуға ауылдық және шағын қалалық аймақтардан, әсіресе, теміржол мен тасжол маңынан жер бөлу керек. Бұл жерде жерді сатуға тыйым сала отырып, ол жерге шетелдік бауырлардың мейлінше орнығуына мәжбүр ету саясаты көзделмек, өйткені, алған жерлерін сауданың нысанына айналдырған қандастарымыз тағы да аш-жалаңаштардың қатарын көбейтіп шыға келері анық және о бастан сондай пыйғылды көздеп келушілердің де саны артатыны белгілі. Мұндай шара жаңадан салынып жатқан жол бойы мен жұрты селдіреген солтұстық және шығыс аймақтарға аса қажет. Әсіресе, мұндай жағдай орталықтан шалғай аудандардың ішкі тұрғындарына да бірге жасалуы тиіс.
Қысқасы, сыртқы және ішкі миграциялық үдеріс бірыңғай түрде шешілетін мемлекеттік саясат қажет-ақ. Алайда, жер ғана бөлу жеткіліксіз, ол маңдарға әлеуметтік ошақтар салынып, оған орналасатын қазақстандықтар мен бауырластарды пайызсыз несиеге құрылыс материалдарын жеткізіп беру мәселесі шешілуі керек. Сөйтіп, бауырластар мен келешексіз ауылдардың проблемалары біртұтас түрде шешілуі, сол арқылы болашақ Қазақстан ауылының үлгілері дүниеге келгені жөн, сөйтіп, ішкі және тысқы қазақтардың өз ара қарым-қатынасын кешенді түрде қолға алу іске асқаны мақұл әрі ішкі және сыртқы миграция мәселесі бір бірімен қабыса шешілуі керек.
Бауырластарды отанға тартуда олардың ең әуелі қай бөлігін тартамыз деген мәселеге де саяси деңгейде жауап іздегеніміз мақұл. Мәселен, шетелдегі қазақ жанұяларын тартқаннан гөрі олардың жастарын жұмысқа және бизнеске тарту арқылы біз бұл саладағы мәселені оңай шешеміз. Сонда шетелден берекетсіз келген қазақ жанұяларына баспана мәселесін шешкеннен гөрі олардың жастарына жатақхана мен оқу, жұмыс мәселелерін шешу Қазақстан үшін де қолайлы әрі пайдалы және бұл көп қазаққа бұйыратын, сондай-ақ жемқорлыққа ұрынуы аз шара болмақ. Сонымен бірге әрбір жанұядан Қазақстанға келген жас қандасымыз өзі орнығып алғасын, өз әулетін Отанға тартудың да жолдарына алғышарт жасайтын болады. Бұл шеткі қазақтардың мемлекет дамуына қол ұшын берудің бір түрі.
Кейбір қосымша шаралар
Бауырластыру саясатын жүргізумен бірге, бұдан басқа шетелдік қазақтарды шетелдерде жұтылу қаупінен құтқару бағдарламасы жүзеге асқаны жөн. Оған сол елдерде оқу орындары мен түрлі мәдени-рухани орталықтарды құру ісі жатары түсінікті. Бұлар елдестерімізге отанға оралудың алғышартын да жасайды.
Жалпы, аталмыш саланы жолға қою үшін, Израилдегідей өз алдына министрлік құрмасақ та, арнайы Бауырластыру комитетін жасақтамай, мұндай келелі істі атқару мүмкін емес. Қысқасы, шетелдік қазақтарды отандастыру ұлттық идеяның бір парасы болғанда ғана, бұл мәселе жартыкеш сыйпатты науқан болудан мемлекеттік абыройлы шаруаға айналмақ. Жүйелі түрде жүргізілген мұндай саясаттың арқасында елге жылына кемінде үш жүз мың елдестерімізді оралтуға болады. Бұл сан біреулерді шошытуы мүмкін, алайда, оны жүзеге асыру жүйелі әрекетпен соншалықты күрделі еместігі аян. Оның үстіне шет қазақтардың бұл құрамы мойынға түсетіндер емес, 70-80 пайызы жас буын болмақ. Ал, бұл демографиялық әлеует ұлттық мүддемізді былай қойғанда, ең алдымен экономикасы қарыштап келе жатқан Қазақстанға қажет.
P.S. Аталмыш тұжырымдаманы дүниежүзіндегі қазақтарға жолдай отырып, мұны одан әрі жетілдіруге атсалысуға шақырамын. Келесі сатыда бұл мемлекеттік тұжырымдама ретінде қабылдануына жұмыстану өз алдына мәселе.

ҮНДЕУ
ҚР Премьер-министрі
К.Қ.Мәсімовке
Астана, Алматы және барлық облыс әкімдеріне
Қазақстан – тарихи, саяси және демографиялық жағынан ислам елі болып табылады. Бұл жағдай оның халқының көпдінді болуына ешбір кедергі болып келген жоқ. Алайда, 12 миллионға тарта мұсылман азаматтары бола тұрып, елімізде ислам дінін тұтынушылардың қалаулы адал ас ішуге бағытталған «халал» нормалары орындалмағандықтан, мұсылмандардың қарапайым құқықтары аяқасты болуда. Дүкендер мен базарларда, азық қоймалары мен қасапханаларда, кәсіпорындарда мұсылмандар тұтынатын азық түрлері олардың дәстүріне сай емес нәрселермен және азықтармен аралас сақталады және сатылады.
Біздің осы үндеуді жасауымызға, аталмыш жайтқа араласуымызды өтінген мұсмылман қауымдарының бұл талабы орынды деп есептейміз. Мұндай талаптар бәсекеге қабылетті барлық елдерде сақталған және адам құқығының орындалу көрінісі ретінде қалыптасқан. Оның үстіне туризм саласынан айтарлықтай табыс табуды жоспарлап отырған еліміздің осындай қарапайым жағдайларды жасауды ойластыруы бүгінгі өркениеттілікке сәйкес шара болып мойындалуы тиіс. Сізге аталмыш жайтты баяндай отырып, елдегі осы сала бойынша қалыптасқан жағдайдың оңды шешілуіне сәйкес шешім қабылдануын сұраймыз.
«ДемОрда» клубы

АУЫЛ ҚАДЫРЫ ҚАЛАЙ ҚАШТЫ?
Ауылға Қазақстандағы адамдар өз діліне байланысты әр түрлі көзқараспен қарау арқылы оның мәселесін де соған сәйкес шешуге ұмтылып келеді. Осыған орай ел саясаты кімнің қолында болса (орыстілдінің бе, қазақтілдінің бе), соған орай ауыл проблемасына қатысты шешім қабылданып келе жатқандығы рас. Бірақ бұл – егемен Қазақстан кезеңіне тиесілі уәж. Ал, кеңес билігі тұсында қазақ ауылының мәселесі қазақ таңданарлықтай шешілді. Ол екі сатыдан тұрды:
- көшпелі қазақ ауылын аштық арқылы жойып, ұжымдастыру арқылы отырықтандыру;
- құлданған ауылды аграрлы индустрияға айналдыру.
Кеңес өкіметінің қоссатылы бұл саясаты өте шеберлікпен жүзеге асты. Алғашқы кезеңде көшпелі халқының қырық пайызы өткен ғасырдың 20-30 жылдарын қамтыған ашаршылық арқылы және қуғын-сүргін нәубетімен элитасы жойылған қазақ ауылы өзінің етенелік (этникалық) келбетінен жұрдай болумен алғышарты жасалу арқылы ұжымдастыру (колхоздастыру) науқанына толық «әзір» болған еді. Осылайша, қазақтың енапат даласы болашақ кеңес шаруашылығының полигонына «үкімет пен партиядан» бата алып, колхоз-совхоз құруға жарыса кірісті.
Әрине, бұл шаруашылықты қазақтың өзіне тән шаруа түрлерімен салыстыруға мүлде болмайды. Жаңа қоғам өзіне қажет шаруашылық пен ауыл адамын жасақтауын ешкім де қисынсыз дей алмас еді. Нәтижесінде бұрынғы аштан қырылған және қудаланған қазақтың жаңа ұрпағы өртеңге шыққан өлеңшөптей кеңестік өкіметтің ауылдық жаңа қоғамын жасақтайтын шикізат болды да шықты.
Большевиктер билігі қазақ ауылын аштықпен сиретсе, соңғы саясаттың нәтижесінде ауыл тұрғындары қалаға тентіреп сиреді. Мұны кейбір саясатшыларымыз жағымды урбанизациялау үрдісіне балауда. Бірақ кез келген процестің жасанды жолмен жүруі ойдағыдай нәтиже бермесі анық. Қазырғы кезде қай ұлт қаланы басса, елді де сол билейді деген тұжырымның қаншалықты шындық екенін саралау бөлек мәселе.
Дегенмен, қызыл өкімет тұсында Қазақстанда мал өсіру мен аграрлық бағыттағы ауыл шаруашылығының іргетасы қаланып, ол колхоз-совхоз түрінде іргесін жайды, осылайша қазақ ауылында орнықты шаруашылықтар бой көтерді. Мал шаруашылығы (аграрлық саланы айтпағанда) экстенсивті болса да, оның индустриясы қалыптасты, совхоздардың арқасында ауылда өндіріс пен қазақ жұмысшылары пайда болды. Сонымен бірге сол кезге тән Қазақстанның ауылдық инфрақұрылымы жасақталды.
Көңіл қуантарлығы сол, ауыл адамы рухани жағынан кеңестік жүйенің құлақкесті құлы болса да, провинциялық толыққанды төменгі биліктің бояуы қанық болды. Әрбір ауыл төңірегі шаруашылық жағынан совхозбен не колхозбен қамтылып, үкіметтің ең төменгі буыны ретінде ауылдық кеңес өз міндетін атқарып, рухани-саяси жағынан парторг бақылады. Сөйтіп, кеңшар директоры – аукеңтөр – парторг үштігі ауыл өмірінің толық тіршілігін қамтамасыз етті. Бұл ауылдық әкімшілік жүйенің со заманның кәдесіне молынан жараған саяси жүйе екеніне қазыр ешкім де шәк келтіре алмайды. Мұны айтып отырғандағы мақсатымыз, кәзіргі ауылдың өз дәуіріне сәйкес билік жүйесінің жоқтығын аңғарту. Қазыр бір ауылда бір әкімнен: ауылдың қожасы да, молдасы да сол. Оның қолында не қаржы, не құзыр жоқ – итаршы ғана. Кеңес заманындағы дәуірлеген шаруашылықтардың ыдыраған орнына жеке шаруаларды туындатудың соңын саралап, әлгі біртұтас жүйенің ыдырау салдарын мемлекет тарапынан ешкім де талдаған емес. Бүгінгі парадокс сол – шаруашылығы күйзелген ауылдың шаруасын басқаруға мүйізі қарағайдай Ауыл шаруашылығы министрлігінің бар екендігі, бірақ құрыған кеңес өкіметі ғұрлы нәтиженің жоқтығы.
Бәлкім, бір кездері сағатша тірлік еткен кеңшар-ұжымшарларды қиратпай-ақ, оларды бар болғаны бөлімшелер деңгейінде ғана жіліктеп, ұжымдық шаруашылық етіп, ортақ техникалық мүмкіндікті (МТС) ауыл әкімшілігінің құзырына бергенде, ауыл келбеті кәзіргідей күйзеліп, жұрт тентіремес пе еді?! Енді бұрынғы ортақ (мемлекеттік деп атамай-ақ) игілік талан-таражға түскені өз алдына, оның орнына ештеңе жасақталмаған кәзіргі ауыл проблемалар ордасына айналып отыр.
Қазырғы қазақ ауылы төменгі билігімен де, рухани қуатымен де, шаруасымен де кеңестік кезеңінен еңсесі түсіңкі. Бұған басты себеп - ауылдың дамуына кеңес кезіндегідей міндет жүктеліп, миссиясы белгіленген нақты тұжырымдама жасалмағандықтан және оның жүйесінің ойластырылмағандығынан.
Біздің ойымызша, шаруасы күйлене қоймаған ауылға Ауыл шаруашылық министрлігі емес, оның келбетін заманға толық сәйкестендіре қалыптастыратын Ауыл министрлігі қажет. Өйткені, ауылды бүгінде кешенді түрде дамытатындай мемлекеттік құрылым жетіспейді. Бұл министрлік сонда ғана ауылға шаруашылық көзі деп қарамай, ауыл - ең әуелі елдің демографиялық көзі, мемлекеттің іргесі және саяси-әкімшілік жүйенің байсалды буыны деп қарап, ауылдың елдегі қадыры шын мәнінде артар еді. Сонда ғана қазырғы Ауыл шаруашылық министрлігі арқылы там-тұмдап әрі ағып-тамып, бай-манаптарға жұғым болып жатқан қаражат өз қажетіне жұмсалып, нәтижесін берер еді, ауыл келбетін көріктеуге сеп болар еді. Ол үшін ауылға деген тиісті мемлекеттік саяси тұжырым мен ерікті көзқарас керек. Елдің іргесінің сөгілмеуін көксейтін аңсар мен азаматтық қажет... Егемен Қазақстан Кеңес империясы жасақтаған ауыл қирандысының орнына өз ауылының шаңырағын көтеруді шаруашылық деп қана емес, демографиялық ошақ және мемлекеттік бірлік ретінде қарағаны нұр үстіне нұр болар.

воскресенье, 15 июля 2007 г.
АТАУЫ АЛШАҚ, ҚЫЗМЕТІ ҚОЖЫРАҢҚЫ Х Қ О
Әдетте әрбір министрдің лауазымға ие болғаннан кейінгі жұмысының басты нәтижесі оның сол сала бойынша стратегиялық және тактикалық ірі бастамалар жасау арқылы іргелі мәселелерді шешу болып табылады. Осы талаппен қарағанда, біздің кейбір министрліктер өмірге қаншалықты ірі қадам басқанын аңдау қиын. Мәселен, Әділет министрлігінің соңғы кезде ірі қалаларда енгізіп жатқан «Халыққа қызмет ету орталығы», әрине, көңіл қуантып, жүрек жадыратар әрекет. Алайда, мұндай орталықтардың керектігін министрлік емес, ең әуелі ұсынған елбасы болатын. Сонда осы саладағы лауазымдылар қызмет басына қандай әрекет қоржынымен келеді деген сауал өзінен өзі туындайды және де сол саладағы сырқатты жайттардан хабардар ма екен деген сұрақтар көкіректі күпті етеді. Әйтпесе, елдің сан-салалы орынтақтарына тағайындалған мырзалар мен ханымдар үсті-бастарын түзеуден бұрын әрекетті халыққа шын мәніндегі қызмет етуден бастамас па еді? Мұның бір мәнісі олардың халық пен билік аралығын жақындастыруға ниеттерінің соншалықты жанаспай жатқандығынан ба екен?
Мәселенің мәнісін аша түсу үшін әлгі аталған орталықтың атауына ден қоялық. «Халыққа қызмет ету орталығы»! Бұл қай орталық, мемлекеттік пе, коммерциялық па, қоғамдық па? Бұл немене, елдегі халыққа қызмет ететін жалғыз орталық па? Ал, сауда орталықтары, базарлар мен вокзалдар, театрлар мен дүкендер ше, халыққа қызмет етпейді деп кім айта алады? Керісінше, Әділет министрлігі ашып отырған ХҚО халыққа ғана емес, мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдар мен мекемелерге де қызмет көрсетеді, оларды Әділет саласында мемлекеттік тіркеуден өткізеді! Демек, бұл орталықтың атауы міндетіне және міндеті атауына сай ма?! Сонда оны құрған тиісті мемлекеттік органдар мұндай қатені қалай жіберіп отыр?
Шын мәнінде аталмыш орталықта сан алуан сала бойынша халыққа да, ұйымдарға да мемлекеттік рәсімдеу үдерісі жүреді, демек, орталықтың атауы «МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰЖАТ РӘСІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ» (МҚРО, орысшасы-государственный центр по документооформлениям-ГЦДО) болып жұп-жұмыр да, жауапты түрде аталуы керек еді.
ХҚО-ның қызмет ету сапасына келсек, оның әлі күнге мәртебесінің анықталмай жатқанына орай, тұрақты қызметкерлердің емес, әрбір түрлі мемлекеттік мекемелерден жиналған «кезекшілердің» өз міндеттерін ала-құла атқарып отырғандығы аңғарылады. Әрине, бұл мемлекеттік қызмет көрсетудегі жаңалық болған соң басқы аяқ алыста кемдік болатыны рас, әрі кешірімді де. Бірақ, азаматтардың кейбір құжаттарының рәсімделуі былтырғыдан биылға көшкендігін, тіпті, оған он ай болғандығына не деуге болады. Осы жолдар авторы ұлының тегін өзгертуге кіріскеніне екі жылдан асып, жуырда ғана әупіріммен қол жеткізгенін айтсақ та жетер. Осы мерзім ішінде тапсырылған құжат екі рет жоғалды: бірі облыстық АХАЖ бөлімінде, бірі Астанадан пошта арқылы жөнелтілгенде. Сөйтіп, бір қазақтың баласының тегін қазақылауға екі жыл кетсе, тоғыз миллион қазақтың аты-жөні қашан түзеліп болады? Мұндай мәселе, жанайқай түрінде емес, бәлкім, мемлекеттік қызметтің сапасы қашан түзеледі деген сауал қою керек шығар.

Подписаться на:
Сообщения (Atom)