вторник, 24 июля 2007 г.

ҮНДЕУ

ҚР Премьер-министрі
К.Қ.Мәсімовке
Астана, Алматы және барлық облыс әкімдеріне




Қазақстан – тарихи, саяси және демографиялық жағынан ислам елі болып табылады. Бұл жағдай оның халқының көпдінді болуына ешбір кедергі болып келген жоқ. Алайда, 12 миллионға тарта мұсылман азаматтары бола тұрып, елімізде ислам дінін тұтынушылардың қалаулы адал ас ішуге бағытталған «халал» нормалары орындалмағандықтан, мұсылмандардың қарапайым құқықтары аяқасты болуда. Дүкендер мен базарларда, азық қоймалары мен қасапханаларда, кәсіпорындарда мұсылмандар тұтынатын азық түрлері олардың дәстүріне сай емес нәрселермен және азықтармен аралас сақталады және сатылады.
Біздің осы үндеуді жасауымызға, аталмыш жайтқа араласуымызды өтінген мұсмылман қауымдарының бұл талабы орынды деп есептейміз. Мұндай талаптар бәсекеге қабылетті барлық елдерде сақталған және адам құқығының орындалу көрінісі ретінде қалыптасқан. Оның үстіне туризм саласынан айтарлықтай табыс табуды жоспарлап отырған еліміздің осындай қарапайым жағдайларды жасауды ойластыруы бүгінгі өркениеттілікке сәйкес шара болып мойындалуы тиіс. Сізге аталмыш жайтты баяндай отырып, елдегі осы сала бойынша қалыптасқан жағдайдың оңды шешілуіне сәйкес шешім қабылдануын сұраймыз.

«ДемОрда» клубы

Комментариев нет: