понедельник, 21 января 2008 г.

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТ» ПЕН «ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПРЕЗИДЕНТІНЕ,
ПАРЛАМЕНТІНЕ ЖӘНЕ ҮКІМЕТІНЕ


Елбасымыз Н.Назарбаев ескерткендей, қазақ пен қазақ қазақша сөйлеспесе, оның өкінішті зардабы болатындығы күмәнсіз. Бұған «Қазақ халқын ұлтсыздандыру саясатының қалай жүргені және қазіргі таңда қалай жалғасып келе жатқаны» туралы белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың бұрынғы және бүгінгі тарихымызға шолу жасай отырып, телеграфты түрде келтірген мәліметтері жұрттың көпшілігі біле бермейтін, әр тарихи мәліметтің өзіне екі-үштен роман арнаса да аздық ететіндей, қасіретті оқиғалар тізбегі айғақ бола алады. Ұлтымыз басынан кешірген ауыр халдерді сараптай келе, қазіргі билікке мынандай талап қоюға қақылымыз:

1. 300 жылдай уақытқа созылған орыстандыру, ұлтсыздандыру процесіне егеменді ел ретінде баға беру. Онсыз рухани тәуелсіздікке қол жеткіздік деп айтуымызға негіз жоқ;

2. «Алаш» партиясы көсемдерінің ұлтты сақтау, қорғау жөніндегі жанқиярлық қажырлы күресі жүйелі түрде зерделенбейінше, 20-30-жылдардағы қолдан ұйымдастырылған ашаршылықтан (кейінгі мәлімет бойынша) 4 миллион 100 мыңдай халықтың қырылуы және оған кінәлі адамдардың атында күні бүгінге дейін елді мекен, мектеп атауларының сақталуы – қазіргі тарихымыздың әділетсіз түзілгенінен хабар берсе керек. Белгілі тарихшылардан, мемлекет, қоғам қайраткерлерінен арнайы комиссия жасақтап, осы бүкілхалықтық маңызы зор істі жүзеге асыру;

3. Қазақстанда 453 газет-журнал ғана (оның басым көпшілігі сөзжұмбақ, хабарландыру, жалаңаш басылымдар) қазақ тілінде шығады екен. Ал орыс тілінде, 2007 жылғы мәлімет бойынша, республикамызда 2303 газет-журналдың жарық көретінін және Ресейден 5248 басылымның келіп тарайтынын ескерсек, оған қоса қалалы жердегі барлық кітап дүкендерінде 90, 95, 100 пайыз тек Ресей баспалары өнімдерінің сатылуы, қазақ тіліндегі кітаптар мен газет-журналдардың тасада қалуы, сондықтан да «біз осы Қазақстанда тұрамыз ба немесе Ресей Федерациясының құрамына кіріп кеттік пе?» деген сұрақтың алға тартылатыны Шаханов мәліметтерінде дәлме-дәл келтірілген.

Әлде бұл Ресей отаршыларының 300 жыл бұрынғы қазақ халқын тілінен, дінінен айыру бағытындағы саясатының жалғасы ма? Телеарналардағы рухсыздық, мемлекеттік тілдегі хабарлардың заңда көрсетілген мөлшерден әлдеқайда азайып кетуі және олардың түн ортасына қарай ысырылуы, тағы басқа толып жатқан келеңсіздіктерді реттеуге Парламенттің, Үкіметтің және тікелей Президенттің араласуын талап етеміз. «Мемлекеттік тіл» туралы арнайы заңның, мемлекеттік тілде тәулік бойы жұмыс істейтін телеарнаның және тәуелсіз қоғамдық телеарнаның шешілер шағы әлдеқашан жетті деп білеміз;

4. Бастауын «американдық ұлттан» алатын «қазақстандық ұлтты» «Қазақстан – 2030» стратегиялық жоспарына биліктің қоғамдық пікірмен санаспай, ендіріп жіберуіне не себеп? Кезінде қазақ тілімен қатар орыс тіліне де мемлекеттік мәртебе беру үлкен қарсылыққа жолыққан. Мұның арғы жағында қазақ және орыс тіліне ағылшын тілін қосып, «үш тұғырлы тіл» атандырып, орыс тілін қайта мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру идеясы жатқанын аңғару қиын емес.

Сондықтан «қазақстандық ұлтқа» да, «үш тұғырлы тілге» де зиялы қауым өкілдерінің қарсы пікір білдірген хаты Қазақстанның 20-дан астам газет-журналдарында жарияланды. Оны қуаттап, қол қойған адамдардың саны 25 мыңнан асты. Бірақ билік қалың қауымның бұл қарсылығына әлі күнге дейін жауап қайырған жоқ.

Осы көтерілген мәселелер төңірегінде Президенттен, Парламенттен және Үкіметтен түбегейлі шешім күтеміз.

Амангелді АЙТАЛЫ, философия ғылымдарының докторы, профессор;
Мұзафар ӘЛІМБАЕВ, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, КСРО халық әртісі, Еңбек ері;
Тұрсынбек КӘКІШҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор;
Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор;
Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ, С.Демирель атындағы университеттің профессоры, тарих ғылымдарының докторы;
Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары;
Бексұлтан НҰРЖЕКЕЕВ, жазушы, «Жалын» баспасының директоры;
Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Қоғабай СӘРСЕКЕЕВ, жазушы, «Қазақ» газетінің бас редакторы;
Мереке ҚҰЛКЕНОВ, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры;
Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы;
Айдос САРЫМ, Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының жетекшісі;
Смағұл ЕЛУБАЙ, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысы төрағасының орынбасары;
Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;
Ханкелді ӘБЖАНОВ, Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы;
Ермұрат БАПИ, «Тасжарған» (ДАТ) газетінің бас оқырманы;
Мұханбет-Шәріп КЕНЖЕБАЙ, «Халық рухы» демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, доцент;
Клара ХАН, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Корея достық қоғамының вице-президенті;
Асылы ОСМАН, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Әзірбайжан мәдени орталығының төрайымы;
Бөріхан НҰРМҰХАМЕДОВ, «Ақ жол» партиясы атынан, партия төрағасының орынбасары;
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
Марал ЫСҚАҚБАЙ, Қазақстан авторлары қоғамының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
Құман ТАСТАНБЕКОВ, Қазақстанның халық әртісі;
Бақтыбек ИМАНҚОЖА, «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
Сайлау БАТЫРША-ҰЛЫ, ҚР дипломатия қызметінің қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Астана қаласы «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы;
Серік ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ, публицист, халықаралық Д.А.Қонаев қорының вице-президенті; Эрнест ТӨРЕХАНОВ, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы;
Темірхан МЕДЕТБЕК, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Қали СӘРСЕНБАЙ, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы;
Асқар АЛТАЙ, «Арда» баспасының директоры;
Серғазы МҰХТАРБЕК, «Қазақстан» газетінің бас редакторы;
Шамшиддин ПАТТЕВ, «Түркістан» газетінің бас редакторы;
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы;
Қазыбек ИСА, «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы;
Мақсат ТӘЖ-МҰРАТ, «Ана тілі» газетінің бас редакторы;
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК, жазушы, «Тарлан-Үміт» сыйлығының лауреаты;
Серік НЕГИМОВ, филология ғылымдарының докторы;
Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ, Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясының бас директоры;
Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтың мұражай кешенінің директоры;
Жарылқап ҚАЛЫБАЙ, «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы;
Әмірқұл ОҢДАСЫН, «Ауыл» газетінің бас редакторы;
Б.СҮЛЕЙМЕНОВ, «Құс жолы» журналының бас директоры;
Шарафаддин ӘМІР, «Заң» Медиа-корпорация» ЖШС-нің президенті;
Әмірхан МЕҢДЕКЕ, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
Құрманғазы АЙТМЫРЗА, Желтоқсан қайраткері;
Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ, жазушы;
Аманхан ӘЛІМ, ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты;
Жанкелді ШЫМШЫҚОВ, ҚР Ғылым, білім министрлігі Экономика институтының Астана қаласындағы филиалының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор;
Шаһизада ӘБДІКӘРІМОВ, ақын, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты;
Әлібек ҚАЛАМБАЕВ, ҚР халық ағарту ісінің үздігі, Сарыағаш ауданының құрметті азаматы;
Мақсұт ҚАЛЫБАЕВ, Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңірген зейнеткер;
Бостан ШАХМАНОВ, биология ғылымдарының кандидаты, доцент;
Қалдыбай ӘБЕНОВ, кинорежиссер, «Аллажар» фильмінің авторы;
Дағжан БЕЛДЕУБАЙҰЛЫ, журналист;
Хадиша ӨМІРБАЕВА, ҚР Білім беру үздігі;
Болатбек ӘБДІКӘРІМ, «Семей-ЯП» қоғамдық қорының төрағасы;
Мәрзия АЯҒАНОВА, экономист;
Зәкір АСАБАЕВ, жазушы, мәдениет қайраткері;
Мыңбай Ілес, журналист-зейнеткер, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері;
Серік МАҚЫШ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-нің доценті, экономика ғылымдарының кандидаты;
Сайпулла САПАНОВ, ҚазМҰУ-нің доценті;
Мамай БЕКҚОЖИЕВ, зейнеткер;
Қуандық ТҮМЕНБАЙ, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
Әлия БӨПЕЖАНОВА, сыншы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
Зейнеп АХМЕТОВА, жазушы;
Жанат АХМАДИ, жазушы;
Толымбек ӘЛІМБЕКҰЛЫ, сатирик;
Еркін ЖАППАСҰЛЫ, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
Нұрқасым ҚАЗЫБЕКҰЛЫ, жазушы;
Руза БЕЙСЕМБАЙТЕГІ, Павлодар облысы «Ақсусероқорытпа» зауытының жетекші инженері;
Алмас КӨШЕРБАЙ, экономист;
Клара ШАҒИЕВА, Алматы облыстық №15 мектеп-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
Әзиза МҰХТАРОВА, Алматы облыстық №15 мектеп-интернаты қазақ тілі, әдебиетінің мұғалімі;
Сланқожа ҚАРАҚЫСТЫҚ, ақын;
Бақытжан ТОБАЯҚОВ, ақын;
Кеулімжай ҚҰТТИЕВ, «Ислам және өркениет» газетінің тілшісі;
Әнуарбек ЕРАЛЫ, Астана қаласы «Тіл және мәдениет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
Сәруар ҚАМАЕВА, Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің аға оқытушысы, т.б.

Барлығы 103 адам. Қол қою әлі жалғасуда.

1 комментарий:

Kuralai комментирует...

Саламатсыз ба, Елсерік! Сізбен калай баланыска шыгуга болады? Мына адреске хабарласуынызды өтінемін: kura_7@mail.ru Өте манызды шаруа бар еді. Курметпен, Куралай